ҚР Ішкі істер министрі Президентке Қордайдағы ахуал жөнінде есеп берді

253
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралары жайында есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.

Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапқа тартылуы тиіс.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

екі − бір =