Алматыда Абай мүсіні ашылды

118
0
Бөлісу:

Ақынның 175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты.

Мүсін Жетісу ауданы әкім­дігінің ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды. «Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындар үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналды», – деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев. Мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев. Салтанатты рәсімге қатысқан танымал жазушылар, ақындар, абайтанушылар ұлы ақын туралы өз ойларын ортаға салды.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 × 2 =