Әл-Фараби рухымен тілдесу

Ақтөбедегі Достық үйінде Шығыстың Аристотелі атанған ғұламаның 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты әуенді-танымдық іс-шара өтті. Аталмыш шара дүние­жүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ұлы тұлға, ортағасырлық ойшыл Әбу Насыр Әл-Фара­бидің 1150 жылдығын кеңі­нен атап өту және оның өмірі мен шығармаларын этнос өкілдеріне таныс­тыру мақсатында ұйым­дас­тырылды. Фараби өмір сүрген дәуірге апарған әуенді - танымдық кешке РФ Орынбор облысындағы қазақ диаспорасының өкілдері де арнайы келіп қатысты.«Әл-Фараби рухымен тілдесу» атты театрландырылған қойы­лыммен басталған шарада Ақтөбе жоғары поли­техникалық колледжінің студенттері мен «Қоғамдық келісім» КММ мамандары Әл-Фарабидің образын сомдап, ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгерген бабамыздың кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, асыл мұра, қайталанбас қазына қалдырғанын тағы бір еске түсірді. Ау­қымды шара соңында Батыс пен Шығысты терең білімімен бас идірген Фараби туралы «Великий Әл-Фараби» деректі фильмі көрермендердің назарына ұсынылды. qazaquni.kz