Қордайдағы жанжалға байланысты «Ақ жол» партиясы барлық ұлт өкілдерін сабырлық пен өзара құрметке шақырды

Бөлісу:

Қазақстанның»Ақ жол» Демократиялық партиясының Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жанжал салдарынан болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының атынан мынаны мәлімдейміз:

1)Жамбыл облысының Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер салдарынан болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының атынан алдымен қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілейміз.

2)Сондай-ақ біз осынау қантөгіске себеп болған арандатушылардың әрекеттерін айыптаймыз.

3)Біз қоғамда этникаралық келісімді сақтай отырып, барлық ұлт өкілдерін сабырлық пен өзара құрметке шақырамыз.

4) Осы жағдайға байланысты үкіметтік комиссия құрылды. Аталған оқиғаның мән-жайын, оның неден басталғанын, полиция өкілдеріне шабуыл жасаған кінәлілерді және аймақтағы бірқатар ауылдарда адам құрбандары болуы, ғимараттардың өртелуі мен тоналуының ақ-қарасын осы комиссияның анықтауын сұраймыз. Осы оқиғаларды бастаушыларды заң алдында қатаң жауапкершілікке тарту тиіс.

5) Мемлекеттік комиссия қайғылы жағдайдың салдарын жою барысында кезекті шаралармен шектелмеуі керек. Бұл жанжал жергілікті билік органдары мен тұрғындар арасында өзара түсіністіктің жоқтығын, құқық қорғау органдардың беделі төмен екендігін көрсетті. Оның артында әлеуметтік проблемалардың жатқаны айқын!
Жергілікті мемлекеттік органдар халыққа жақындау үшін, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу
үшін бірқатар шаралар қабылдау қажет.

6) Біз мемлекеттік комиссияның жұмысы мен оның шешімдері халыққа түсінікті және ақпараты ашық болуын талап етеміз

7) Тағы да барлық азаматтарды қоғамдық келісімді қорғауға, Республика заңдары мен Конституциясын қолдануға шақырамыз.

«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесі Президиумы

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Марфуға 10 Ақпан, 2020 13:23 Жауап

    Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы оқиғаның болуына түрткі болған дүнген ұлт өкілдерін ұлт аралық араздықтықты тудырғаны үшін жауап беру керек. Бұл жәй жанжал емес, қауіпті. Тиісті қорытынды жасалсын! «Ақ жол» партиясының мәлімдемесіне толық қосыламын. Соның ішіндегі, «Біз мемлекеттік комиссияның жұмысы мен оның шешімдері халыққа түсінікті және ақпараты ашық болуын талап етеміз. Тағы да барлық азаматтарды қоғамдық келісімді қорғауға, Республика заңдары мен Конституциясын қолдануға шақырамыз» деген 6,7 тармақтарының орындалуын қатаң қадағалау керек.

    Халықтың ушығып кетпеуін, кінәсіз, қара халықтың жапа шекпеуін тілейміз.

  2. Нарқыз 10 Ақпан, 2020 13:57 Жауап

    Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жанжал елді дүрліктірді. Иа, бұл қақтығыстын астарында Қордайдағы қордаланған мәселенің жатқандығы белгілі. Алайда, өзге ұлтқа пана болғанымыз өз сорымыз болды ма?!
    Хәкім Абай «Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.» деген. Қазақтың жерін паналап, нанын жеп, суын ішіп, ұрпағын өсіріп отырған қай ұлтқада достық құшағымыз ашық. Бірақ Қазақ ұлтын, тілін, дінін, заңына бағынбай ұлт аралық араздықтықты тудыратын болса, Абылайхан айтқандай қиып түсер қылышпыз. Сондай-ақ, осы жағдай бойынша халыққа түсінікті және ақпараты ашық болуын талап етуді қолдаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

  3. Ержігіт Нұрмұрат 10 Ақпан, 2020 14:48 Жауап

    Бұл жағдай ел арасында алауыздық тудырып, дүр сілкіндірді. Тіпті осы жағдайды пайдаланып, түрлі арандатушыларда жағаға жармасуда. Бірақ лезде құрылған комиссия Қордай ауданына барып, жағдайдың мән жайын ақтап жатыр. Бір нәрсе айтамын кінәсіз адамдарды жазалауға жол берілмесін. Қарапайым халық жапа шекпесін. қажет. Алла бәрімізге сабыр берсін. Эмоцияға берілмейік. Осы оқиғаға тікелей қатысы барлар жазасын заң алдында алсын.

  4. Әйгерім Өтебайқызы 11 Ақпан, 2020 19:25 Жауап

    Қарапайым халыққа бас көтергенде үндемедік, енді еліміздің құқық қорғау органдарына бас салды. Не деген бассыздық?! Расымен де күшік асырап ит еткенде ол балтырымызды қанатыпты!

Нарқыз үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау