«Ақ жол» партиясының депутаттары теміржол аймағында жер телімдерінің бөлінуін тексеруді сұрады

Алматы маңындағы ұшақ апатынан кейін «Ақ жол» Дпартиясының депутаттары теміржол аймағында жер телімдерінің бөлінуін тексеруді сұрайды. Фракция депутаты Кеңес Абсатирова бүгін осындай депутаттық сауал жолдады.

«Алматыдағы ұшақтың апатқа ұшырауы және оның себептерін талқылау жергілікті билік органдарының құрылыстың талаптары мен қауіпсіздік стандарттарына деген немқұрайлы көзқарасын көрсетті. Атап айтқанда, бірқатар облыстарда әкімдіктер тарапынан әуежайлар аумағына тікелей іргелес жатқан аумақта жер телімдерін бөлу, тұрғын үйлер мен ғимарттар салу фактілері анықталды. Қолданыстағы заңдарда мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Бұл апат кезінде көптеген адамдардың құрбан болуына әкеп соқтырған факторлардың бірі болуы мүмкін », - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, депутат атап өткендей, бұл қайғылы жағдай заңдардың талаптарының бұзулыу ауқымын анықтады. Сонымен бірге, «Ақ жол» партиясына жүгінген кәсіпкерлердің пікірінше, логистика саласында темір жол бойында осындай заңсыз телімдердің бөлінуі мен оларда құрылыстың жүруі орын алуда.

«Өндірістік объектілердің санитарлық қорғау аймағын құруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне сәйкес тұрғын үйлерді темір жолдардан кемінде ені 100 м санитарлық-қорғаныс аймақтары бөліп тұруы керек. Гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету үшін арнайы шуылдан қорғау шаралары қабылданған кезде аймақтың енін азайтуға болады, бірақ ол 50 м аспауы тиіс.

Алайда, жетгілікті атқару органдары мұндай аудандарда жеке тұрғын үй, бау-бақша немесе шаруа қожалығы үшін жер учаскелерін беру ережелерін бұзуда. Ал, теміржол көлігінің қажеттіліктері үшін жерді пайдалану ережесінде «мұндай аймақтарда күрделі ғимарттар салуға, орман алқаптарын жеміс ағаштарын, бақшалар отырғызуға, жер төсеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді» делінген.

Теміржол көлігіндегі адамдардың өміріне тікелей қатер төндіретін негізгі бағыттардың жанында тұрғын үй салынатын жағдайлар да бар. Пойызға соғылу қаупінен басқа (бұл өкінішке орай, кейде жиі болып тұрады), теміржол желілері мынадай себептерге байланысты жоғары қауіп көзі болып табылады:

- адам денсаулығына қауіпті діріл мен шу, ауаның отынның жануынан ластану;

- химиялық, жанғыш немесе радиоактивті жүктерді тасымалдау кезіндегі зиянды әсерлер;

- төтенше жағдайлар кезіндегі зақымдану, өрт және жарылыс ықтималдығы, мысалы, соңғы жылдары байқалған автокөлік жиналуы. Мәселен, тек 2017-2018 жылдары 12 пойыз апатқа ұшыраған.

Автомагистральдар бойындағы учаскелердің орналасуы да осындай сұрақтар туғызады.

Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы Үкіметтен және Бас прокурордан темір жолдар мен автомобиль жолдарына іргелес жатқан аумақтың дамуына қойылатын талаптардың сақталуын тексеруді, сондай-ақ осы саладағы адам өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін заң бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қатаңдатуды сұрайды.