Қорғаныс министрлігінің генералы пара алды деген күдікпен ұсталды

307
0
Бөлісу:

ҚР Қорғаныс министрлігінің генералы жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі», – деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қызметтік саласы мен міндеті бойынша кәсіби даярланған әскери кадрларды іріктеу мен орналастыруға, ескерту-алдын алу жұмыстарын жүргізуге, өз қатарларында тазалықты қамтамасыз етуге және жеке құрамның іс-әрекеттеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға міндетті жоғары лауазымды шенеунік жалпы қамқорлығы мен қызмет бабында алға жылжуы үшін қол астындағылардан қомақты мөлшердегі параны жүйелі алу күдігіне іліккен.

«Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді. Осы жылдың 31 қаңтарында күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», – деп атап өтеді жемқорлыққа қарсы қызметтен.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

екі × 3 =