Алматы өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтың «серкесі» ұсталды

420
0
Бөлісу:

ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – «Серик-голова») жетекшілік еткен ықтимал ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

С. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қ. ПД УҰИ-ға қамалды.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынды.

ҚР ҰҚК-ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − төрт =