Орталық Азия конфедерациясы құрылмақ

269
0
Бөлісу:

2019 жылдың 8 ақпанында сағат 18:00-де Нұр-Сұлтан қаласында  Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құруға арналған баспасөз конференциясына шақырамыз.

Аталған баспасөз мәслихатында Орталық Азия аймағында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегін дамыту және танымал ету, сондай-ақ, 2020 жылдың маусымында Нұр-сұлтан қаласында ММА аралас жекпе-жектен өтетін Азия чемпионатын өткізу мәселелері талқыланады.

Бағдарлама:

– Ұйымдастырушылар мен басшылардың кіріспе сөзі

– Басқа елдер өкілдерінің кіріспе сөзі

– Сұрақтар мен жауаптар сессиясы

Анықтамалық ақпарат:

Баспасөз конференциясының ұйымдастырушылары – 2018 жылдың желтоқсанында құрылған «Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Бірлестік басшысы – Ғалымжан Есенов. Ал бас директоры – Валихан Тен.

Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті Ә. Садықұлов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі – жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.

qazaquni.kz

 

 

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

8 + он бес =