Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Мағауинді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Бөлісу:

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауинді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Сіз көрнекті жазушы әрі зерделі зерттеуші ретінде төл әдебиетіміздің дамуына зор үлес қостыңыз. Қаламыңыздан туған әр шығармаңызда ұлттық рух пен елдік мүдде айқын көрініс тапты. Хандық дәуірдегі ақын-жырауларымыздың мол мұрасын жаңғыртқан «Қобыз сарыны» атты ғылыми еңбегіңіз сөз өнерінің тұғырын одан әрі биіктете түсті. Әйгілі «Аласапыран» романы бүгінде әдебиетіміз бен тарихымыздың қымбат қазынасына айналды. Тартымды туындыларыңыз арқылы қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленіп келесіз. Ұлтты ұйыстыру және тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы еселі еңбегіңіз – өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Әрдайым мерейіңіз үстем болсын! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін!» делінген жеделхатта.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

16 + 20 =