Абай мерейтойына еріктілер ерекше үлес қоспақшы

212
0
Бөлісу:

Шығыс Қазақстан облысында ұлы ақынның 175 жылдығына орай өткізілетін шараларға өз еріктерімен құлшыныс білдірген 500 волонтер қатыспақшы.

Биыл «Волонтерлер жылы» жарияланғаны белгілі. «Жас келсе  – іске» демекші, бұл бастаманы әсіресе, елі­міздегі жастар қызу қолдап жатыр. Аймақтарда қандай да бір қоғамдық істердің ортасынан жастарды көруге болады. ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смиттің айтуынша, қазірдің өзінде еріктілер саны аз емес көрінеді.Өңірдің көп­теген жоғарғы оқу орын­дары студенттері ниет біл­діруде. «Абай мерейтойына орай ұйымдастырылатын шараларға жалпы саны 500 волонтер тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 47 кәсіби гидтің тізімі жасақталған. Бұдан бөлек, тағы да 50 гид пен аудармашыны қосымша оқытамыз», – дейді ол. Абай ауданындағы Қарауыл ауылында облыстың әр өңірі жеке киіз үй құрады. Көктемде бұл киіз үй қалашығының аумағында 2 мыңға жуық көшет отырғызылады. Осы жұмыстарға ерікті жастардың көмегі аса қажет.

З.Қабиоллаұлы

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

7 − бес =