Cіз қазақ тілін әлі күнге дейін білмейсіз – депутат шенеунікті орнына қойды

Бөлісу:

Бүгін Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешовті орнына қойды,-деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылған.

Депутаттар алдында негізгі баяндаманы ежіктеп мемлекеттік тілде оқып шыққанымен, кейін сауалдардың бәріне орыс тілінде жауап берді. Сосын кейбір қазақ тілінде сауалдарды дұрыс түсінбей жатқаны байқалды.

– Өзіңіз мемлекеттік қызмет істері агенттігінің орынбасарысыз. Қазақстан тәуелсіздікті 30 жыл бұрын алды. Сіз әлі күнге білмейсіз. Енді жас мемлекеттік қызметкерлердің тіл мәселесі қалай шешіледі? Қазақ тілін білу-білмеу қалай қадағалаланады? Әлде сол бұрынғыдай шала қазақтарды мемлекеттік қызметке ала береміз бе? 2030 жылы еліміздің жастарының 80-90 пайызы ана тілінде сөйлейді деп күтіліп отыр. Осыған не деп жауап бересіз?, – деді Берік Дүйсембинов.

Алайда шенеунік депутаттың бұл сұрағына мардымды ештеңе деп жауап бере алмады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 4 Ақпан, 2020 19:52 Жауап

    Міне осылай ұлттық тілді мемлекеттік қызметкерлерден қатаң талап етсе мемлекеттік тілдің де мәртебесі өсері анық. Депутат Берік Дүйсенбинов секілді ұлтжанды азаматтар кіріссе тіліміздің мәртебесі өсері анық!

Пікір немесе жауап жазу