Германияда «Абай оқулары» өтті

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бүгін Берлиндегі Ұлттық кітапханада «Абай оқулары» іс-шарасы және зиялы қауым өкілдермен кездесу болып өтті.​

Аталмыш іс-шараға Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Карипов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева,​ Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, облыстық кітапхана басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, қазақ диампоралары және студент жастар қатысты.

Ісшарада сөз алған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева былай деді:

– Адамзаттың руханиятына өз үлесін қосқан Абайдай данышпан бабамызды ұлықтау жұмыстары жалғасын табуда. "Абай Оқуларын» біз бүгін​ Германия мемлекетінде өткізудеміз. Ғұлама ғалымның нағыз гуманистік көзқарасын, татулыққа, ынтымаққа, бауырмалдылыққа бастайтын терең болмысын барша әлемге паш ету біздің міндетіміз. Адамзаттың Абайына айналған ақынның ғаламдағы тұғыры барған сайын биіктеп, мәңгі жасай берері сөзсіз.