Қытаймен арадағы әуе, авто және теміржол қатынастары тоқтайды

Қазақстан Қытаймен арадағы әуе, авто және теміржол қатынастарын тоқтатты. ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдаған, - деп жазды abai.kz.

1. 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы жолаушылар тасымалдайтын автобус қатынастары,

2. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы барлық жолаушылар пойыздары,

3. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы әуе тасымалдары тоқтатылады.

4. ҚХР азаматтарына виза беру тоқталды.

5. ҚХР Дунгуан қаласында өтуі тиіс Халықаралық теннис Федерациясы Кубогының іріктеу кезеңін Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады.