Венгрияда «Абай оқулары» өтті

556
0
Бөлісу:

Бүгін Мажарстанда  Қазақстан және Венгрияның зиялы қауым өкілдері мен кітапханашыларының қатысуымен «Абай оқулары» іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында «Әлем таныған Абай» дөңгелек үстел және иллюстративті-кітап көрмесі, «Абай әлемі» атты фотокөрмелер ұйымдастырылды.   

Іс-шараға ҚР Венгриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы, түрколог-ғалым Дәуіт Шомфай Қара, қоғам қайраткері Айша Мандоки және бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ал Қазақстандық делегация атынан  ақын, ҚР Жазушылар Одағының төрағасы, Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кенжехан Матыжанов, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрсын Жұртбай баяндама жасады.

  • Әлем тарихында адамзаттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар аз емес. Адамдар сол тұлға арқылы оның ата мекенін, туған халқын, тілін таниды. Оның өмір жолымен, шығармашылығымен танысқан әр жаңа ұрпақ өзін мазалаған сан сұраққа жауап тауып, жаны жайланады.  Адамзат үшін Абай – сондай санаулы тұлғалардың бірі.

Шынында да, Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны. Ұлы ойшылдың шығармашылық мұрасы, теңдессіз дана ойлары мен шығармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екені талассыз. Қазақтың Абайы, түп тарихы бір осында тұрып жатқан барша Венгрия халқына алыс емес деп ойлаймын.

Сәтін салса, Абай мұраларын насихаттау жұмысы ертең Словакия елінде жалғасатын болады,  – деді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

төрт × 5 =