Қазақстанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

998
0
Бөлісу:

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда тараған коронавирусқа қатысты жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іс қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойынша хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен бірге, жедел желі аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты пайдалы кеңес бере алады», – делінген министрліктің facebook парақшасында.

Министрліктің хабарлауынша, коронавирустың алғашқы белгілері – бастың ауруы, тұмау, кеудедегі ауырлық, өкпенің қабынуы, қызудың көтерілуі, жүрек қағысының жиілеуі, демнің жеделдеуі.

«Мұндай жағдайда ем шарасын өздігімен қабылдамай, бірден 103 нөміріне хабарласу керек!» – деп ескертеді министрліктен.

Еске сала кетсек, осы аптаның жұмасында ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусты 830 адам жұқтырып, 25 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу