ҚАЗАҚ АНАЛАРЫНА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТУ КЕРЕК

Астананың Атымтай жомарты атанған алтындай Алтынбай інімнің шаңырағындағы кезекті бір отырыста аты алты Алашқа белгілі бір ағамыздың өзінің анасының ерлігі туралы әңгімесін есіткенде қазақ әйелінің не деген данышпан, не деген көреген және ең бастысы не деген төзімпаз екеніне қайран қалып, қатты риза болдым! Бірден ойыма Қазақ аналарының даналығы (ішінде әзіз әжелерім, аяулы анам да, асыл жарым, әдепті бауырмал әпкелерім, қадірлі қарындастарым, тәрбиелі қызғалдақ қыздарым, сәлемін үзбейтін инабатты да, иманды келіндерім де бар) ешқандай әлемде, ешқандай елде жоқ қой деп ойладым! Қазақ аналарына Астанада ғана емес, әр қалада, әр ауданда алып ескерткіш орнату керек деген ой туды! Иә, ешқашан жат елдің жамылғысын, қап-қара киімді қалың жамылып, тұмшаланып, тұйықталып, , тығылып жүрмеген, қажет кезінде қару алып, шапқыншылықта шалбарланып жауға жапқан, керек кезінде кесімді сөзін хан алдында да кесіп айтқан (Жезбике ана, Домалақ ана, Жиренше шешен жары Қарашаш, Алпамыс пен Қобыланды, Ер Тарғынның тб әйгілі хандарымыз, баһадүр батырларымыз бен атақты ақын-жырау, белгілі билеріміздің аналары мен асыл жарлары, қарындастары тб) . Қылышынан қан тамған қаһарлы Кеңес империясының жаназасын алғаш айтқан әйгілі Қазақ Желтоқсанында да мұзды алаңда мұздай қарулы әскерге аттан салып атқа мінген де Қазақ қыздары! Мен сонда алаңға шыққан алдаспан Алаш Жігіттеріне қайрат берген Ұлттық намыспен бірге ең алдымен Қазақ қыздарының қаһармандығы мен қайрауы деп білемін. Кешегі нарық дәуіріне өткенде нардай қайрат көрсетіп, базарларда бар еңбегін салып, отбасыларын асырап қалған да Қазақ аналары! Бүгін де биік сана, білікті де білімді тұлғаларымен тұрмыс түзеуге де, Ел тірлігіне де Ерлермен бірге ерекше үлес қосып отырған да ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ! Әйгілі тарлан ағамыздың тағылымды әңгімесіндегі өзінің анасының ерлігі Неде деп ойлайсыздар? Қызыр аралаған Қызылдың құмында, шағылы мен шағаласы қатар шулаған Шардарада туған ағамыздың айтуынша, үйіне қонақтар келгенде күтіп жатқан бұларға әлгілер "ішпейсіңдер ме өздерің" дейді екен. Сонда дайын отырған бұлардың алдын ораған анасы:"Әкелеріне тартқан бұлардың ерніне елу грамм тисе болды, еріп кетеді, зорламаңдар!" дейді екен)))). Ағамыз бір күні анасынан сұрапты: "Біз бәріміз ішуге кетәрі емес болып қайдан шыққамыз? Әкеміз ішпейді. Сіз болса да татып алмайсыз?" депті. Сондағы анасының жауабын естісеңіз қайран қаласыз!.. "Әкелеріңнің артын жауып келе жатқан менмін ғой" деп, бәрін жайып салыпты. Сөйтсе, әкелерінің анда-санда жылына үш төрт рет ішетінін шешесінен басқа бүкіл ауылда ешкім білмейтінінде аналарының алапат еңбегі, көрегендігі, даналығы бар екен! Ішу дегеніңіз былай тұрсын, күйеуінің көзіне шөп салғанының үстінен түссе де, еріне де, еліне де, балаларына да әкелері өмірден өткенше білдірмей өткен екен. -Неге ішкенін де, істеген күнәсін де жасырған анаңыз?-деймін ғой ағамызға. -Балаларының, елдің алдында Менің Ерімнің -отбасымның иесінің абыройы түседі ғой, өз күнәсімен өзін жеп қояды ғой"-деп жауап беріпті Асыл Ана! Не деген Кемеңгерлік!.. Ағамыздың әкесі ішетін кезде әйеліне "маған оңаша бөлме керек" дейді екен. Сол кезде оңаша бөлмедегі "духовкаға" әйелі арақты және ішіп-жемін толтырып, бөлменің есігін тарс етіп жауып қояды екен. Кім, қандай қонақ, тіпті құрметті құдалары келсе де, (шәй ішуге келген Шәрбаттарға болса да жол жоқ...) "ауырып жатыр" деп есігін ашпайды екен ғой жарықтық... -Анда-санда дәрет сындыруға далаға шыққанда бет аузы күп болып ісіп, көзі қызарып кеткенін, әжетқанаға әрең тәлтіректеп барып келгенін көріп, "шынында әкеміз қатты ауырып жатыр екен ғой" деп ойлайтынбыз. Ішеді деп кім ойлаған? Оның үстіне әкемізге жабысып, аузын иіскемейміз ғой. Бетіне қарауға да қаймығамыз. Бәрі шешеміздің шектеуі, тәлімді тәрбиесі - "әкелеріңе айтамын" десе, бұзықтығымызды ұмытып, жым боламыз. Әкеміздің ішетінін біз түгіл бүкіл ауыл білмей кетті солай... "Ол енді анамыздың айрықша кемеңгерлігі" деген көкеміз риза болып есіне алады әке-шешесін. "Ал енді әйелінің көзіне шөп салғаны туралы не әңгіме" деймін ғой журналистігім қыстап мен де. О-о, ол енді сұмдық әңгіме!!! Шардара ауданының әр арығының шетіндегі оман арықтар маңына қауын егеді екен ел. Шайла тігіп алып, ала жаздай қауындықтың шабығын шауып жатады екен елдің еркектерінің бәрі... Ағамыздың қауын егіп жатқан әкесіне түсте кеспе көже мен шәйін апарады екен апамыз. Бір күні түсте құдаларының құдайы тамағы болатын болғасын, түсте емес - бір-екі сағат ерте барып қалыпты әдеттегі уақыттан. Сонда күйеуінің күнәлі ісінің үстінен түскен ғой! Бүгінгінің кейбір заңқой заржақ әйелдері болса, бұл сұмдықты суретке түсіріп, фейсбукке жариялап, полиция шақырып, балаларына жайып салып, базар-шу қылатын еді... Ал біздің асыл да, аяулы апамыз не істеген десеңізші?!. Көрмеген секілді кетіп қалып, Сырдың бойындағы қалың тоғайдың ішінде қамығып отырыпты олар қашан "ісін" бітіргенше... Көрші егістікте қауын егетін жесір әйел күйеуінің шайласынан шығып кеткенде, апамыз енді ғана ауылдан келген болып, еріне ең жақсы көретін (әйелінің әдемі істеген асынан басқа тамақты ішпейді екен ол атамыз) кеспе көжесін келістіріп тұрып беріп, (жарықтық біздің көкеміз де кеспе көжені ерекше жақсы көретін, есіме түсіп кетіп, көзім жасаурап отыр), шәйін ішкізіп, шәй деспей, түк болмағандай кетіпті ғой қайран Қазақ анасы!.. -Неге ішкенін де, істеген күнәсін де жасырған анаңыз?-деймін ғой ағамызға. -Балаларының, елдің алдында Менің Ерімнің -отбасымның иесінің абыройы түседі ғой, өз күнәсімен өзін жеп қояды ғой"-деп жауап беріпті Асыл Ана! Не деген Кемеңгерлік! Жалаң қылышпен жауға шапқаннан жүз есе артық Ерлік қой бұл! Ең үлкен ерлік -жеке басыңның өрлігі мен өзімпаздық екпінін Ел үшін, Ер үшін, Отбасы үшін тоқтатып, жеңе білуің! Ең үлкен Ерлік - Еріңнің, сүйіп қосылған жарыңның пендеуи күнәсін періштелік кешіріммен қарап, қасиетті қазақ Отбасының сақталуы үшін кеңдік танытып, кемеңгерлік көрсете білуің! "Бұл әкеңіздің күнәсін анаңыз қашан айтты ?"-деймін ғой мен Қазақ Анасының айрықша ерлігіне риза болып. -Әкем өлгесін айтты. Ішкенін де, істегенін де-дейді ағамыз анасына риза болып... Иә, өзінің асыл жары әлсіздік жасап, еркектік еркелікке- шайтан тірлікке шалдығып жатса, Қазақы Қасиетпен, ұлттық ұстаныммен, иманды да, инабатты ибалықпен, ең бастысы Еріне деген ең үлкен Құрмет, Отбасы басшысына деген орынды сый- Құдіреттілікке деген құзырмен Құдай алдындағы Кемеңгерлік кешірімділік көрсеткен Асыл Ананың даналығы - Қазақ әйелдерінен басқа ешқандай елдің әйелдерінің қолынан да келмейтін, қолына келмек түгілі ойына да келмейтін орасан Ерлік қой бұл! Асыл анамыз ері қайтыс болғасын он үш баланы орасан еңбек етіп өзі асырап өсірген! Астанада аузынан ақ май ағып отырған атақты қаламгер ұлына әр күн сайын телефон соғып, "жейтін нандарың бар ма" деп, зейнетақысынан ақша аударып отырған?!.))) Иә, әлемдегі ешқандай дамып кеткен, тіпті ғарышқа қоныс аударып жатқан (бәрібір алғаш адамзатты Айға ұшырған Бай-Қоңыр Қазақ даласында) елдердің де, ешқандай мемлекет, үкімет, министрлік, штат, облыс, губерния басқарған әйелдердің де қолынан келмейтін, тек Қасиетті Қазақ әйелінің ған қолынан келетін Ерлік! Тек Қасиетті Қазақ Аналарының, Қазақ әйелдерінің қолынан ғана келетін Ерлік! Қазақтың қасиетті аналарына әрқашан тағзым - бас иемін! Қазыбек ИСА,  Қазақ үні