Нұр-Сұлтанда қасқырлар қаптап жүргені туралы видеолар тарап жатыр

2229
0
Бөлісу:

WhatsApp-та тарап жатқан қасқырлар туралы видео Нұр-Сұлтан тұрғындарын шошытты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тарап жатқан видеолардың бірі Ресейдің Калуга қаласында түсірілген боп шықты. Елордалықтар мұндай хабарламаларды 23 қаңтарда таратаға бастаған. Видеода қасқырлардың арнайы ХҚКО аумағында жүргені айтылады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Сондай-ақ, мессенджерлерде қасқырлардың екі итке шабуылы түсірілген видео тарап жатыр. Ол видео Ресейдің Архангельск облысында түсірілген екен.

Сонымен қатар, елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева тұрғын үй алаптарындағы қасқырлардың қаптап жүргені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Ол бұл хабарламаларға сенбеуге шақырды.

https://youtu.be/sXDth6PQIR4

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу