"Қазақмыс" директорына шабуыл жасаған азамат Мәслихат депутаты болған

Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының директорына шабуыл жасап, соның кабинетінде өз-өзіне қол салған кәсіподақ басшысы Тоғызбай Тәжбенов қалалық мәслихаттың депутаты болған. Бұл туралы қоғам белсендісі Берік Жағыпаров мәлімдеді, - деп хабарлайды baq.kz. 

Тәжбенов Сәтбаев қалалық мәслихатының VI шақырылымының депутаты болды. Ол әрдайым сабырлы және барлығын ақылға салатын жан еді. Ол әртүрлі жағдайларға бейімделе білді, мінезі жұмсақ болатын. Мүмкін, бірдеңе әсер еткен шығар, - дейді Берік Жағыпаров.

Оның айтуынша, Тәжбенов алдымен шахтада еңбек етіп, содан кейін әкімшілік жұмыспен айналыса бастаған. Ұзақ уақыт бойы ол "Қазақмыстың" әлеуметтік бөлімін басқарып, кейін кәсіподаққа кетуге шешім қабылдаған.

Бұл 2018 жылдың қараша айында болды. Мен одан сұрадым, өйткені, шын мәнінде, бұл қызметтік төмендеу болатын. Бірақ ол осы жұмыспен айналысқысы келетінін және осы өз орны екенін айтты. Оған ол жер жайлы болды. Оның қызметіне жұмысшыларға тұрғын үйді бөлу, оларды оқуға жіберу, шаралар ұйымдастыру кірді, - деп айтты қоғам белсендісі.

Оны танитындар оның әрдайым сабырлы әрі парасатты болатынын айтады, сол себепті таяуда болған жағдай барлығы үшін күтпеген жағдай болған.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС кен-байыту кешенінің бас директоры Амангелді Мініғұлов Жезқазғанда пышақ жарақатын алды. Оған шабуылды "Кәсіпқорған" кәсіподақ төрағасы Т.А.Тәжбенов жасаған. Олардың арасында жанжал болған екен. Сосын ол Мініғұловтың арқасына пышақ жарақатын салған.

Оқиға кеше, сағат 18.20-да болған. "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС маманы С.А.Тембаев та зардап шеккен, ол қақтығыстың алдын алуға тырысқан. Оның кеуде тұсы пышақтан жарақаттанған.