Исекешев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ол осыған дейін  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры қызметін атқарды.