Шымкентте әкімдер жаппай түрмеге жеткізілді (видео)

23157
1
Бөлісу:

Шымкентте әкімдер мен әкімдікке бағынышты басқармалардың басшылары жаппай абақтыға жеткізілді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары осылайша шенеуніктерге түрме туралы ескертіп, параға жоламайтындай қылмақшы, деп хабарлады КТК.

«Былтыр бізде жемқорлыққа қатысты 60 қылмыстық іс тіркелді.  Басты мақсат – есеңгірету емес, осы жердегі жағдаймен таныстыру және осындай жемқорлық қылмыстарының алдын алу. Жемқор болсаңдар, осы жерге түсесіңдер деген ескерту десе де болады», – дейді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің басқарма басшысы Нариман Қасымбеков.

Шымкентке қарасты төрт аудан әкімі мен олардың орынбасарлары, 22 басқарманың басшысы мен қосшысы бар 60-тан аса шенеунік түрмеге арнайы автобуспен жеткізілген. Көліктен түсе сала, көпшілігі бірден медициналық маска киіп, көзін тұмшалап әуреге түсті. Оларды абақты бастығы түрменің ұзын дәлізімен ертіп жүріп, камералар мен әр бөлімін көрсетті.

Қазір мұнда жазасын күтіп отырған 490 адамның 40-тан астамы бұрынғы мемлекеттік қызметкер екен. Өкінішке қарай, қазіргі шенеуніктер экс-әріптестерімен кездесе алмады. Бір сағаттай уақытша қамау абақтысында болған шымкенттік шенеуніктер түрме есігі ашылар-ашылмастан тұра қашты. Көргені ұнамаған болуы керек, әйтеуір сұхбат беруге келгенде бәрі тілден айырылды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

1 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 16 Қаңтар, 2020 15:36 Жауап

    Өткен жылы Шымкентің Білім жүйесіде осылай толық рухани саяхатқа түрмеге барып қайтқан! Бұл бастаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің алдын алу шарасы бойынша ұйымдастырылған. Енді қаладағы аудан әкімшілік аппарат қызметкерлерінде сол рухани саяхатқа түрмеге апарыпты. Енді әлеуметтік үйлердің директорлары мен бухгалтерлерін және денсаулық саласының да қызметкерлерінде сол рухани саяхатқа апарып қайтса сәлде болса сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет болар еді !

Пікір немесе жауап жазу

9 − жеті =