Қазаққа пайдасын тиігізген шын ерлерді анықтау керек - Олжас Әбіл

Социалистік Қазақстанда коммунист шенеунік болғанның бәрін жаман деп күресінге ысырып тастауға болмайды. Ол кезде де үндемей халқына қалтқысыз қызмет еткен ерлер болды. Соның бірі Өзбекәлі Жәнібеков пен Жұмабек Тәшенов. Астанада, оң жағалауда Тәшенов атында шағын көше бар, мен сол көшеден өтіп бара жатсам үнемі бұл кісінің әруағына күбірлеп алғысымды айтып есіме алып отырамын. Бұл кісінің ең үлкен ерлігін бәріңіз білесіздер - бабалар мұраты жерді сақтап қалды, елді ұстап қалды. Ал Өзбекәлі ағамыз сол заманда тілден айырылып аясы тек ауылда ғана шектеліп, тарылып руһани жүдеп - жадай бастаған халқына үндемей қызмет қылып Түркістандағы кесенені қалпына келтіріп, тағы басқа көптеген қазаққа пайдалы жұмыстар атқарып, қанатымен су тасып сепкен қарлығаштай болған. Мен Шымкентте болғанда осы кісінің мазарына арнайы барып әруағына құран бағыштап қол жайып қайтқан едім. Бұл кісілер халықшыл, қазақшыл адамдар болатын. Бір өкініш бар... Социалистік Қазақстанды осындай кісілер басқарғанда біздің қазіргі жағдайымыз әлдеқайда жақсы болар ма еді.... Бұлар сол билік басына жолай алмады... Отырғанын құртып жіберіп қуғындап отырды. Енді біздің бүгінгі ұрпақтың мақсаты - өтірік пайғамбарларды маңдайымызға жапсырмай, сол кезде қазаққа пайдасын тиігізген шын ерлерді анықтап, соларға әділ бағасын беру болу керек. Олар сол кезде болды, олар бар. Олжас Әбіл, Фейсбук парақшасынан