Тасмағамбетовтің бұрынғы орны бос тұр – министрлік түсініктеме берді

428
0
Бөлісу:

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресейдегі елшісін тағайындау жұмысын бастады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Тәртіп бойынша сыртқы істер министрлігі президенттің қарауына өтінім енгізеді. Ал мемлекет басшысы елшіні тағайындайды. Одан кейін арнайы құжат Ресейге жіберіледі. Сол жақтан қолдау болса, елші тағайындалады. Қазіргі кезде бұл процесс басталып кетті», – дейді Смадияров.

Оның айтуынша, дипломаттарды тағайындау мерзіміне қатысты нақты талап жоқ. Елшінің орны бірнеше ай бос тұруы мүмкін. Алайда Смадияров Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне кімнің кандидатурасы қаралып жатқанын айтқан жоқ.

Айта кетейік, өткен жылы 18 желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасқа жетуіне байланысты Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі қызметінен босатылған болатын. Ол 2017 жылдың ақпан айынан бастап осы қызметті атқарды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

3 + екі =