Сенатор көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауда көп қателік кеткенін мойындады

15741
0
Бөлісу:

Көпбалалы аналарға мемлекеттен жәрдемақы тағайындауда көп қателіктерге жол берілді. Бұл туралы Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров айтты, – деп хабарлайды «Отырар».

Шымкент қаласы мәслихатының депуттары және ардагерлерімен кездескен сенатор атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа жүйесінің барысымен қызықты. Құжат қабылдаудың алғашқы күндері қызмет көрсету орталықтарындағы кептелген кезек жайы да сөз болды.

Кездесу барысында сенаторлар былтырғы жылы қабылданған заңдарға шолу жасады. Қолданысқа енгізілген 83 заңның ең өзектісі — көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек болды. О баста, бұл құжат асығыс қабылданғанын және онда кемшіліктер болғанын Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров мойындады. «Табысын төмендету үшін адамдар түрлі айлаға барды. Бірі жұмыстан шықса, бірі жалған анықтамалар жинады. Ажырасқандардың көпшілігі осы өңірден шықты. Құжат масылдық, заңсыз әрекеттерге жол бергені де жоғары деңгейде ашық айтылды»,- дейді сенатор.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенет Сенаты төрағасының орынбасары: «Енді ондай заңсыздықтарға жол берілмейді. «Положа руку на сердце»  айтқанда, бұл Заң қабылдау кезінде Парламенттің  жіберген қателігі. Ол  түзелді. Заң көпбалалы отбасыларға берілетін көмек олардың ешқандай табыс деңгейіне байланысты емес етіп қабылданды. Бұл үлкен әділеттілік болды!».

Қолданыстағы заңды орындау жергілікті әкімдіктерге жүктелген. Жаңа жылдан бастап барлық көпбалалы, яғни, 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасыларға жәрдемақы табысына қарамастан төленеді. Оның мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға – 53 125 теңге, 6 балаға – 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

3 × төрт =