Совет өкіметін аңсайтын адамдардан не күтуге болады…

2443
4
Бөлісу:

Әнеукүнгі АҚШ туралы посттан кейін осындағы орысшыл, мақта көзқарастағы біраз адамдарды бұғаттап, достықтан өшіріп құтылғандай болдым.
Совет өкіметін аңсайтын адамдардан басқа не күтуге болады…
Бұлардың миындағы мақталарының «қаттылығы» сол «АҚШ жақсы» деп жылы сөз айтсаңыз баж ете қалады.

Бұрын жұмыс орнымда Степан есімді әріптесім болған еді. Оның Америка десе атарға оғы жоқ, АҚШ мемлекетінің атын атай қалсаңыз дауласып көгеріп шыға келетін. Ол КСРО мен Американың арасындағы тайталастан АҚШ тың жеңіп шығып КСРО ның күйрегенін кешіре алмайтын. Зығырланып, Американы жамандайтын да отыратын. Өзі сонда Америка жасап шығарған компютерде жұмыс істеп, айфон ұстайтын.

Сосын бізбен бірге Талғат деген жігіт жұмыс істеді. Орыстілді қазақ. Ол да ана Степанның бір сыңары, таза мақтабас бейшара еді. Жалпы, менің байқағаным, біздің орыстілді қазақтар көбінесе орысшыл, мақталы пікірде боп келеді.(идеологиялық жарымжан тайчибеков, көпбаев дегендер де солардың арасынан көптеп шығып жатыр).
Бірде сол Талғатты оңаша шығарып алдым, менен жасы кіші болатын.
«Е брәтішка», дедім, «сен ана мақтабастың ноқтасынан басыңды шығарып қашан өз басыңмен ойлап, ой қорытып адам болмақсың, қашанғы ананың жетегінде жүрмексің?».
» Америка сенің қай әкеңді өлтірді, қай бабаңды ренжітті жалпы?» дедім.
«Сендердің айтатын » Америка үндістерді қырып тастады, Вьетнам, Ауғанстан.. » деген әбден жауыр болған қырт әңгімелеріңді, шыны керек менің ұрғаным бар. Менің Америка жайлы өз көзқарасым бар, онымен тоғысатын мүддем де бар.
Ал ана сендер айтатын үндіс, вьетнам деген халықтар өздерінің надандықтарымен, мешеуліктерімен өздерін көміп тастаған елдер еді.
Бар болғаны озық өркениет кеп оларды жаулап алды, немесе ойыншық қылды, ол – әлсізді құртатын сондай жаратылыстың заңы, ертең Қытай кеп бізді басып алып құл қып жатса, сен Қытайға емес, той қуалағаннан басқа түк бітірмеген өзіңнің сорлылығыңа, әлсіздігіңе ренжі, оған қытай кінәлі емес.

Ал әзірше Америка мемлекеті біздің бұрын тәуелсіздік алғанымызға ықпал етті және қазір соның сақталып қалуына кепіл боп отырған бірден бір мемлекет.
Озбыр Қытай мен Ресейді тәк – тәкпен ұстап отырған, оларды ауыздықтай алатын жаһандық жандарм.

Осы екі мемлекеттің стратегиялық дұшпаны, қарсыласы. Оның бұл бағыты біздің мүддемізбен керемет тоғысып тұрса, ол біздің бағымыз емес пе, қуанбайсың ба сорлы ау….
Америка тағы – дамыған өркениет, күллі адамзаттың дамуын алға сүйреп келе жатқан озық ғылым, үздік экономика, ол бізді қасына жолатса одан үйренеріміз тым көп. Менің қорқатыным ол жолатпайды ау….Әлде біз жолай алмаймыз ба…

Сен інім, мықты болсаң орыстың артына басын тыға беретін қоянжүрек басшыларыңнан құтылып, халықаралық деңгейде ойын ойнауға қабілеті жететін басшы қой, ол осы факторды халықаралық дәрежеде ойнатсын, кім қолыңды қағып отыр?

Мемлекет боп әлемдік ойыншылармен әрекет ет, шағын Грузия, Сингапур, Израил құрлы жоқсың ба, шамасына қарамай олар бұны сенен артық жақсы ойнатады. Бұның бәрі өз саясатыңа байланысты нәрселер емес пе, бағытың, жолың түзу болса, қарымың жетсе ойла да ойна.

Анау Степанның Америкаға өкпесі қара қазандай болатын жөні бар, олар кезінде өздерінің барлық жағдайын жасап берген КСРО мемлекетінің күйрегенін көтере алмайды. Ол соны қайта жаңғыртып береді деп өліп Путинін қолдап отыр, ал сен неңді аңсап отырсың, қамытыңды ма?

Саған ол қамытың сор мен қасіреттен басқа не берді, сол үлкен түрмедей болған мемлекетсымақ? Аштық пен репрессияны ма әлде күллі келімсекті осында төккен «тың игеруді» ме, мүмкін «москвич» пен 100 рубльді қимайтын шығарсың?
а, а? Айтшы Талғат?…

Жалпы, мен сол күні Талғатты жақсылап тұрып «грузиттадым», одан көп нәрсе айттым, бізден сөз таусылған ба, ауызын аштырмай тастадым. Мынаның бәрі менің монологым ғой.

Сөз соңында, «қысқасы інім, ана мақтаның жетегінде ендігәрі жүруші болма» деп тапсырып қойдым. Ол содан кейін менімен дауласуды қойды, шегол ғой, үндемейтін болды.

Осымен Америка тақырыбы мен үшін тәмам.
Ал анау «америка…… еврейлер әлемді билеп отыр, массондар нә нә нә» дейтін қуғынбайлармен, мен ешқашан дауласпаймын. Олар мен үшін надан адамдар, олар әңгімелерін бастай бергенде мен тұрып кетіп қаламын.

Ал «Америка да жексұрын, Ресей де жексұрын» деп қуатын адамдарды «полезный идиот» деп қабылдаймын.
Баяғыда Ленин қандай да бір идеологиялық ұстанымы, позициясы жоқ капиталистерді солай атаған екен.
Мен әлемді полярлап бөліп алып билегісі келетін алпауыттары бар планетада тұратын адамның қандай да бір ұстанымы болу керек деп санаймын да, анадай – «бәрі оңып тұрған жоқ» дейтін, оң – солын айырмаған, бағытын білмейтін адамдарды «полезный идиоттар» қатарына жатқызып оларды да таяз адамдар деп санаймын.

Олжас Әбіл,

Фейсбук парақшасынан

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 13 Қаңтар, 2020 20:25 Жауап

    Кезінде сол қызыл империяның ата бабаларымызға істеген зұлмат азаптары әліде есте ғой, бірақ сол сол империяны көксейтін есі сол империяның яғни орысқұлдық сананың жетегін аңсайтындар баршылық!

  2. Қолқоюсыз 22 Қаңтар, 2020 13:38 Жауап

    Баринизде сол совет укиметинде,осип онип тегин билим алып он солдарынды,ажыратып енди жамандайсындар сол саясатты олгенше,ол кездин бир жаксы болганы адамдар бари бирдей тен омир сурди,казыргидей жиктелмей,енди отырып алып жамандайсындар,орыс анау мынау деп.Америка бакша салып бергендей. Егемен алып не оксатып отырык,бир заут,фабрика жок елде,халык болса базарда жур кангып 75% солма жетискенимиз. Сол американ емеспе жер жерде,согыс жариалап откан жанете ылги мусылман елдерде,сирияга орыс комектеспегенде,казыр сол согыс бизин орта азига жететин,еди. так что,мына биздин калканымыз сол коршимиз шыгар,мухит аржагындагы америка емес.Не керек бизге америка европага,еликтеп просто казах болып, омир сурумиз керек ата бабаларымыз сиякты.

  3. отан 27 Қаңтар, 2020 00:07 Жауап

    сонда саған қазіргі ұры педофил арсыз шалдың билігі не берді не жетістікке жеттің қазақ сол орыстың кезіндегіден жаман өз жерінде құл болып отыр басқа қай ұлты орнына қойсада соталатын қазақ болып шығады. сен керемет отаншыл болсаң неге билікке қарсы шықпайсың қатесі мен жемқорлығын қанағатсыз ұрлығын тексіз ит екенін неге айтпайсың.

Пікір немесе жауап жазу

төрт × 4 =