Азат Перуашев Б.Момышұлы мектеп-лицейінде болды

Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса бүгін Алматыдағы №131 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицей ұстаздарымен кездесті. Ақжолдықттарды мектеп-лицей директоры Роза Достанова Бауыржан Момышұлының мұражайымен таныстырды. Одан соң "Жас сарбаздар" класына алып кірді. Мектеп ұжымымен кездесуде Азат Перуашев жақында Парламент қабылданған Педагог мәртебесі туралы заңмен таныстырып, мұғалімдер сұрақтарына жауап берді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына байланысты сөз сөйледі. Мектеп-лицейдің қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалимасы Гауһар Келденова парламентте халық сөзін сөйлеп жүрген Азат Перуашевке деген ел тілегін жеткізіп, ыстық ықыласын білдірді. Теңіз флотының 1-ші дәрежелі капитаны Көпесбай Жанпейіс "Ақ жол" партиясының үкіметтің халықтың төлем картасынан салық ұстамақ болған ұмтылысын тоқтатқаны туралы және Ұлы Жеңістің рөлі жайлы баяндады. Қазыбек Иса Педагог туралы заңның маңызын сөз етті. "Ақ жол" партиясының "Қазақ Республикасына 100 жыл толуын мемлекеттік деңгейде мерекелеу мәселесін көтеріп келе жатқанын және Семей қаласына республикалық мәртебе беру ұсынысының нәтижелі болғанын баяндады. Бауыржан Момышұлы қайтыс болғанда 1982 жылы жазған жырын оқып берді. Жиынға "Ақ жол" партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасы Қуандық Бискултанов қатысты. Содан соң Азат Перуашев "Ақ жол" партиясының Алматы қалалық филиалында қалалық мәслихат депутаттары мен партияның қалалық кеңесі мүшелеріне "Ақ жол" партиясы шығарған мәслихаттың 25 жыллығына арналған "Еңбегім-еліме" төсбелгісімен марапаттады. Сонымен бірге партия белсенділері мен бір топ зиялыларға "Қазақ Республикасына 100 жыл" белгішесін тапсырды.