Қазақ тілі үшін күрескен Қуатқа қуат берейік!

Алматы қаласының тұрғыны, Қуат Ахметов есімді белсенді "Арзан" супермаркетін сотқа берді. Бұл туралы Оғыз Доған әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Қуаттың сотқа жүгінуіне өзі тұтынушысы болып табылатын супермаркеттің мемлекеттік тіл туралы заңды сақтамауы себеп болған екен. Сот қаңтардың 14 күні Алматы қаласындағы Алатау аудандық сотында сағат 10.20-да басталады. Даулы іске қатысты толық мәліметті Қуат Ахметов Оғыз Доғанның видео жазбасында баяндайды. Қазақ тілін қорғау үшін Қуатқа қуат беріп, сотқа келейік бәріміз!