Өмірзақ ағамыздың сөзін өмірлік аманаттай қабылдадым – Азат Перуашев

897
6
Бөлісу:

Көрнекті ғалым, академик, асыл ағамыз Өмірзақ Айтбайұлының қазасы көппен бірге біздің де қабырғамызды қайыстырып кетті.

Академик Өмірзақ Айтбайұлы ағамызбен отыз жылдай уақыттан бері ағалы-інідей жақсы таныс едік. Талай ақыл-кеңестерін тыңдадық. 2012 жылы «Ақ жол» партиясы парламентте тұңғыш рет Алаштың 95 жылдығын атап өту туралы мәселе көтеріп, Астанада ғылыми конференция өткізгенімізде өзі келіп қатысып, төрімізде отырып, келелі кеңестерін беріп жүрді.

Кейін «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыхалықтық байқауын ұйымдастырғанда да басы-қасында ақылшымыз болып, қазылық жасап, жанашырлық таныта білді. Бұл байқауымыз өткен желтоқсанда сегізінші рет өткізілді.

Өмірзақ ағамыз кездескен сайын, телефонмен де хабарласып: «Сендер секілді депутат, әкім, министр жігіттер қазақша сөйлемей жүрсеңдер, ана тіліміз ешқашан мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріле алмайды!»-дейтін. Тіпті бір кез былай деген: «Өзің секілді білімі, болашағы бар жігіттердің қазақша сөйлемеуі- өз аталарыңа деген құрметсіздік!

Тілді сатып, сатқын болмаңдар, ата-бабаңды, әкеңді сыйла, қазақ тілін қолдай бер де, қолдана бер” – деп қадап айтқан болатын.

Ол 90-шы жылдары еді, мен ол кезде әкеден айырылып қалып, қайғырып жүрген кезім еді, сол үшін шығар, бұл сөз көңіліме қатты әсер етті…

Мен ардақты ағамыздың ол сөзін аманаттай қабылдап, үнемі орындап жүруге тырысып келемін!

Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болып, Алла алдынан жарылқасын. Қазақ тілі мен ғылымына өлшеусіз еңбек сіңірген ерен тұлғаның есімі мәңгілік ел есінде болады деп білемін.

Иманы саламат болсын!

Азат ПЕРУАШЕВ,

«Ақ жол» партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 6 пікір жазылған

  1. Әлихан 10 Қаңтар, 2020 22:58 Жауап

    Өмірзақ ағамыздай асыл азаматтардың ақылына құлақ салып, тәрбиесін алған Азатты нағыз ер деп білем! Сөзін жерге тастамай, есте сақтап өнеге алғаңыңыз жөн іс

  2. Галым 10 Қаңтар, 2020 23:31 Жауап

    Казак тілін білгені арине мактаныш емес, барлыгымыздын білуіміз шарт. Бірак Галым кісілерді курметтеп, оз агасындай кадірлеуі куантады. Біздін елде окінішке орай галымдарга деген курмет мулдем калмаган. БжГ министрлігі гылым емес министрлердін жеке бизнесіне айналып кеткен. Гылымга камкоршы болып журген осындай азаматтарымызга мын алгыс.

  3. Балауса 10 Қаңтар, 2020 23:40 Жауап

    Жалпы Азат Перуашев баска свясаткерлермен салыстырганда мулдем ерекше. Орынды усыныстар айтканы, жаксы бастамаларды котергені жеткілікті. Коріп отырганымыздай галымдарга да курметі ерекше. Бірак кімнін жолын кесіп кеткені белгісіз, жылауык деп жеке басын корлаганнан баска ештене байкалмайды. Болмаса елге жагымды каншама бастамаларды котеріп жур. Демек билікте халыкка жагымды бастама котергендерді жазалауга кіріскен болар.

  4. Азамат 10 Қаңтар, 2020 23:45 Жауап

    Осылай жогаргы мінберден кысылмай казакша сойлеп журген агаларымыздын аркасында болар Ана тіліміздін оміршендігі. Кеше гана ауылдан шыгып, европада окып келіп казакша білмеймін деп шіреніп турган акымактардан уміт жок. Олар сол европасына кызмет етеді, туган еліне емес. Елдін болашагы осы Азаттай агаларымыздын аркасында.

  5. Мерей 11 Қаңтар, 2020 11:52 Жауап

    «Өмір ұзақтығымен өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді» деген сөз бар. Азат ағамыздың әр еңбегіне тоқталып, әр қызметін санамалап отыру мүмкін емес. Алайда сан-салалы салалар басын біріктірген еңбек жолында адалдық пен өз ісіне деген сенімділік, парасаттылық бар. Тіл мәселесі – еліміздің басты мәселелерінің бірі. Биліктің басынан ана тілде сөйлейтін ағаларымыздың бірі деп білемін.

Пікір немесе жауап жазу

11 − 3 =