Алматыда «Ақ жол» партиясы дайындаған «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын талқылау өтті

Алматыда «Ақ жол» партиясы әзірлеген «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын талқылау өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұл заңнама ең үздік халықаралық тәжірибе негізінде және отандық парламенттік тәжірибені ескере отырып әзірленген. Аталмыш заң жобасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократия және адам құқықтары бюросының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 120/03/2012 ресми пікірінде мақұлданды. Президент Қ.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін орнату туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Ақ жол» демократиялық партиясы «Парламенттік оппозиция туралы» заң жобасын пысықтау және жаңарту туралы шешім қабылдады. Құжатты жаңарту бойынша жұмысты 2013 жылы әзірлеуді бастаған партия төрағасы Азат Перуашев басқарады. Фракция Президент К.Тоқаевтың парламенттік оппозиция мәртебесін орнату туралы тапсырмасы мәселені практикалық тұрғыдан шешуге құқықтық негіз жасады деп сенеді. Партия басшылығы «Ақ жол» фракциясының депутаттарына аймақтардағы сайлаушылармен көшпелі кездесулерінде заң жобасын талқылауды ұйымдастыруды тапсырды. Осыған орай, бүгін Алматы қаласында Алматы менеджмент университетінің (AlmaU) базасында аталған құжатты талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Бағалау қызметі бойынша Ұлттық комиссия мүшелері, Алматы қаласының қоғамдық кеңесі мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, саясаттанушылар мен заңгерлер, Мәжіліс депутаттары, саяси партиялардың өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, бизнес қауымдастықтардың, ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері, Алматы қаласы  мен облыс кәсіпкерлері, БАҚ қатысты . Партия төрағасы А. Перуашев кіріспе сөз сөйледі. Пікірталасқа саясаттанушы А.Чеботарев, NSOD мүшесі, Азаматтық альянстың төрағасы А.Қожахметов, заң профессоры Е.Дүйсенов және басқалар қатысты. Талқылау барысында заң жобасының жеделдігі мен уақтылығы атап өтілді, заңның қолданылу аясын кеңейту мен жобаның нақты баптарын толықтыру мен өзгерту бойынша  көптеген ұсыныстар жасалды. Азат Перуашев дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушыларға алғыс білдіріп, олардың ұсыныстары құжатты әзірлеу барысында қарастырылатынына сендірді. Сонымен бірге, жиналғандарға заң жобасы бойынша ұсыныстар мен ескертулерді dpk.akzhol.kz@mail.ru мекен-жайына, сондай-ақ партияның аймақтық филиалдарына жіберуге болатындығын ескертті.