Қазақ ғылымының қара нары еді…

345
0
Бөлісу:

«Ақ жол» партиясы көрнекті ғалым, академик Өмірзақ Айтбайұлының өмірден озуына байланысты отбасына қайғырып көңіл айтады.

Елімізге белгілі көрнекті ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбайұлы өнегелі өмірімен өскелең ұрпаққа үлгі бола білді. Қазақ тіл ғылымының қара нары ғылымымызға мол асыл қазына қалдырды. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті бола жүріп, мемлекеттік тіліміздің лайықты заңды төріне шығуы үшін қажымас қайрат танытты.

Өмірзақ Айтбайұлы сонымен қатар Мемлекеттік терминология комиссиясының мүшесі, ғалым хатшысы ретінде де (1981–1991 жж.) 550-ден астам ғылыми еңбектің, 21 кітап пен монографиялардың авторы ретінде терминология саласында тер төгіп, үлкен үлес қосты.

Өмірзақ Айтбайұлы қоғамдық-саяси өмірге де тығыз араласып, «Ақ жол» партиясымен де байланыста болды. Алашқа арналған, мемлекеттік тілге арналған ғылыми конференцияларымыздың төрінен табылып жүрді.

Қазақ зиялы қауымының көрнекті үлгісіндей болған Өмірзақ Айтбайұлының отбасына, туған-туыстарына көңіл айтамыз.
Марқұмның жатқан жері жайлы, алды пейіш, арты кеніш болғай.
Иманы саламат болсын!

«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесі Президиумы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

10 + он алты =