Ақтөбе облысында мұнай-газ сұйыққоймасы өртенді (видео)

421
0
Бөлісу:

8 қаңтар күні кешкі уақытта Ақтөбе облысы, Жаңажол поселкесінде мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді. Оның көлемі үш мың куб метр болған-ды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс жағдай Жаңажол мұнай-газ кешенінің аумағында болды. Зиян шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Резервуар ішінде су мен мұнай болған.

Өртті сөндіруге 8 бірлік техника мен өрт сөндірудің 35 қызметкері жұмылдырылды.

Сондай-ақ, қосымша Ақтөбе қаласынан 25 қызметкер мен 5 бірлік техника жіберілді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

1 × 2 =