Сапарбаев барлық балаға неге 21 мың теңгеден берілмейтінін түсіндірді

3772
3
Бөлісу:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңа механизм бойынша атаулы әлеуметтік көмек 367 мың отбасына беріліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік саладағы жұмыстардың басты мақсаты – қазақстандықтардың жағдайын жақсарту. Өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап бюджеттік мекемеде еңбек ететін мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, өнер және спорт саласында қызмет ететін қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 25-30 пайызға көбейеді. Оған қосымша барлық әлеуметтік төлем 5 пайыздан 30 пайызға дейін артады. Қорыта айтқан кезде осы шарамен 7 миллионнан астам қазақстандық қамтылады. Осы шараларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 3,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жалпы, биылғы мемлекетіміздің бюджетінің 50 пайызы әлеуметтік салаға арналған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға өскен. Яғни, оның қазіргі көлемі – 8,5 триллион теңге», – деді Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бердібек Сапарбаевтың өз сөзінде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа механизмі іске қосылғанын еске салды.

«Қазіргі таңда біз 367 мың отбасына 17 млрд теңге төледік. Оған қосымша жергілікті билік тарапынан да көмектер көрсетіледі. Былтырдың өзінде 2 миллионға жуық жерлесімізге әртүрлі деңгейде көмек көрсетілді. Сондай-ақ, былтыр көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 8400 пәтер берілді. Оның ішінде 1100 пәтер кәсіпкерлердің көмегі», – деді ол.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мұқтаждық санатына қарамастан, барлық балаға неге 21 мың теңгеден берілмейтінін түсіндірді.

«Барлық қазақстандық бір нәрсені ұмытпау керек. Бұл – атаулы әлеуметтік көмек. Ол нашар тұратын отбасылардың өзінің жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан уақытша беріледі. Бұл бір. Екіншіден, көптеген кездесуде жергілікті тұрғындардан өтініш болды: негізінен бұл көмекті көпбалалы отбасыларға беру туралы өтініш болды. Біздің негізгі ұстанған қағидатымыз – көпбалалы отбасыларды қолдау. Бес балаға қанша шығын, бір балаға қанша шығын кететінін барлығыңыз жақсы білесіздер. Ал барлығына 21 мың теңге төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден, біз оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Ең негізгі мәселе – біз мұқтаж адамдарға көмек беруіміз керек», – деді Бердібек Сапарбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Көп баласы бар ана 14 Қаңтар, 2020 21:50 Жауап

    Көп баласы бар аналар не істеу керек. Бір үйде быр адам табыс тауып отырған семьялар бар.олар не істеу керек..

  2. Элмира 15 Қаңтар, 2020 09:27 Жауап

    Менің күйеуім жұмыс істемейді бірақ көктемде егін егеді .Ол егінге қаншама қаражат жұмсаймыз. Егін егіп ұтылған кездеріміз де болады бағасы түсіп кетеді шығынға ұшыраймыз..Біздің кәмілетке толмаған 5 баламыз бар.Жұмыспен қамтылмаған дарға Әлеуметтік көмек берілмейді дейді.мені осытолғандырады

Пікір немесе жауап жазу

18 − бір =