Алексей Полторанин спорттан 4 жылға шеттетілді

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) қазақстандық Алексей Полтораниннің спорттан 4 жылға шеттетілгенін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат федерацияның сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 2020 жылғы 2 қаңтардағы шешіммен эстондық шаңғышылар Карела Таммъярва, Андреаса Верепалу, жаттықтырушы Мати Алаверу және қазақстандық Алексей Полторанин төрт жылға спорттан шеттетілді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, өткен жылы 27 ақпанда неміс журналисі Хайо Зеппельт Туиттерде Аустрияның Зеефельде қаласында шаңғы жарысынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан, Аустрия мен Эстония спортшылары антидопингтік ережелерді бұзды деген күдікке ілінгенін жазды. Олардың қатарында Алексей Полторанин да бар. Спортшының бапкері аталмыш оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған еді.