АЗАТ ПЕРУАШЕВ «АБЗ Плюс» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

283
0
Бөлісу:

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Қостанайда жергілікті кәсіпорын «АБЗ Плюс» ЖШС ұжымымен жүздесу өткізді.

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының аталмыш ұжымды таңдауы бекерден-бекер емес, Себебі, 100 ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған аталмыш серіктестік бүгінде қиын жағдайды басынан өткеруде. Атап айтар болсақ, жергілікті салық мекемелері осы «АБЗ Плюс» ЖШС-ін салықтан жалтарып, өз пайдасын көздеді деп айыптап сотқа берген болатын. Соның салдарынан бір сәтте миллардтаған қарызға батқан кәсіпорын бұл күнде тоқыраудың алдында тұр.

 

Көптеген жұмысшысы бар қаладағы ірі кәсіпорынының ұжымымен өткен жүздесуде партия жетекшісі мәселенің өте күрделі екеніне тоқталып, бір шешімін табуға қол ұшын созатынын жеткізді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

10 + он екі =