Биыл қасиетті Рамазан айы қашан басталады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер кестесін бекітті.  Кестеге сәйкес, биылғы Рамазан айы 25 сәуірде басталады.

Ораза айт мерекесі 24 мамыр ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге сәйкес келеді.

Ескерту! Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.