Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмысы уақытша тоқтатылды

349
0
Бөлісу:

6 қаңтарда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.

«ІІМ жаңа ақпараттық жүйесінде анықталған ақаулықтарға байланысты 6 қаңтарда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. ХҚО-лардың қашан жұмысын бастайтындығы қосымша хабарланады», – делінген корпорацияның желідегі ресми парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін 4 қаңтар күні мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемеген еді.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

14 + төрт =