Ел демократиясын дамытудағы зор еңбегі ұмытылмайды

"Ақ жол" партиясы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады. Қазақстанның Тәуелсіздік декларациясын қабылдаған ҚР Жоғары Кеңесінің Төрағасы ретінде  Серікболсын Әбділдиннің еліміздің саяси-экономикасы мен  парламентаризмін, демократиясын дамытудағы  зор еңбегі ұмытылмайды деп білеміз. Марқұмның алды пейіш, арты кеніш болғай! Иманы саламат болсын! "Ақ жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық Кеңесі Президиумы