Ақжолдықтар Қазақ Республикасының 100 жылдық мерейтойын бастап кетті!.

Жаңа 2020 жылы айтулы даталар жетерлік. Соның ең бастысы- Қазақ республикасының мерейтойы қарсаңында 31 желтоқсан күні "Ақ жол" партиясының бастамасымен "QAZAQ REPUBLIC 100" төсбелгісі Еуразия ұлттық университетінің проректоры Диқан Қамзабек және Алаш институтының директоры Сұлтанхан Аққұлы бастаған алаштанушыларға тапсырылды. Төсбелгі тапсыру рәсімі Алтын Орда мен Қазақ хандығының ежелгі мемлекеттерінен біздің қазіргі мемлекеттілігіміздің сабақтастығының белгісі ретінде Күл-Тегін тасының маңында өтті. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев төсбелгілерді Диқан Қамзабек, Сұлтанхан Аққұлы, Амантай Шәріп, Қайырбек Кемеңгерұлы және Ерлан Сайлаубайұлына табыстады. Ақжолдықтар осылайша келер жылғы  Қазақ Республикасының 100 жылдық мерейтойын  бүгін,  жылдың соңғы күні - 31 желтоқсанда бастап кетті!.