Қазақстанда Fokker-100 ұшақтарының ұшуы уақытша тоқтатылды

584
0
Бөлісу:

Қазақстанда Fokker-100 түріндегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиғаның мән-жайы анықталғанда бұл түрдегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды», – делінген хабарламада.

Әуе компаниясының паркі Fokker-100 ұшақтарынан тұрады.

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу