Ұшақ апаты: шұғыл телефон желісі ашылды

Bek Air ұшағының апатынан кейін шұғыл телефон желісі ашылды. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға орнында құтқарушылар, мединица қызметкерлері және құқыққорғау органының мамандары жұмыс істеп жатыр. Эвакуация жүргізіліп жатыр. Шұғыл штаб құрылды, - делінген хабарламада.

Шұғыл телефон желісі: 8 (7172)53-32-84 Алматы облысы ТЖД: 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД: 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47

Айта кетейік, бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшып бара жатқан Bek Air ұшағы апатқа ұшырады.