Жалақысы $85 мың жұмысқа орналасқыңыз келсе...

Жер шарының Оңтүстік полюсінде яғни Антарктида станцияларының бірінде ұсынылып отқан жұмыстардың орташа жалақысы 85 мың АҚШ долларына дейін барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Австралияның антарктикалық бөлімі 150 бос жұмыс орнын жариялады. Тамақ пен жатын бөлмеге кететін шығынды компания өз мойнына алады. Жалақымен қатар арнайы жәрдемақы да төленеді.

Мысалы, дәрігердің жалақысы 199 мың доллар. Ал оған қосылатын жәрдемақы – 61 мың доллар. Сантехник, электрик, ұста мен IT-маманға 90 мың доллардан төленеді. Осылайша, ғылыми база персоналы 100 қызметкерге жетеді. Ал қыс мезгілінде персонал құрамы 25%-ке қысқартылады.