Президент пен Елбасы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің  28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

Мерекелік іс-шара «Астана Опера» опера және балет театрында өтті.

Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті.