Роза Рымбаева мен Тұрсынбек Макишев «Қазақстанның Еңбек Ері» атанды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.

2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                 Қазақстан Республикасының

                            Президенті                                                         Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 29 қараша

                           № 207