Жасұлан Иса: Неліктен ең үздік деген қазақи орталықты жабулары керек?

3810
28
Бөлісу:

 

«Баланың да төресі болады» десек, Ел ордамыз бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ішіндегі төресі, Қазақтың иісін шығарып келетін, Болашағымызға, Ұлтымызға қажеті зор, мықтыларымыздың мықтысы осы деп, бірден Рахымжан Қошқарбаев даңғылында орналасқан №38 «Шаттық» шағын орталығымызды атап, астын сызып тұрып көрсете аламыз.

 

Осыдан он жыл бұрын ашылған, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының орындары ерекше бөлек екенін біз жақсы білеміз. Егерде, алған бағытымыз түзу болатын болса, халықаралық тәжірибе заманауи білім берудің өзекті міндеттерінің бірі, мектепке дейінгі жастағы зияткерлік тұрғыдан дамыған балаларды анықтау, оқыту мен тәрбиелеу болатынына еш күмәніміз жоқ.

Сондай-ақ, бұндай шағын орталықтардың ашылуы, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасының айасында, сондай-ақ, президентің 2010 жылдың 1 қаңтарындағы № 922 Жарлығымен бекітіліп жүзеге асқанын да біліп отырмыз.

Көпшілік болса, алғашқыдан, осы бастаманы бір ауыздан қолдаған болатын. Өйткені, 3-6 жасқа дейіңгі балаларға, ерекше көңіл бөлініп, мектепке дейінгі дайындықтарына да арнайы жағдайлар жасалады деген үлкен үміт болған. Және те, қарапайым халыққа әлеуметтік-материалдық жағынан да қолайлы болатыны айдан анық еді. Өкінішке орай біздің қоғамда, балабақшадағы тамағына төлей алмайтын тұрмысы төмен отбасылар әлі де кездеседі емес пе? Және тағы, көп балалы отбасыларымыз да бар. Міне, осылайша, төрт жасқа толған балаларын мемлекеттік балабақшалардан шығарып алып, осындай тегін, шағын орталықтарға берулеріне, ата-аналарға толықтай жол ашылған еді.

 

«Шаттық» шағын орталығына келетін болсақ,бұл орталық, 2012 жылдың желтоқсан айында кішкентай ғана ұжым болып құрылып, осы өткен 7 жылдың ішінде мақтанышпен айта алатындай бір үлкен мекемеге айналғаны сөзсіз. Осы арада, орталықта қызмет етіп отырған педагог мамандар мен ұстаз-тәрбиешілердің біреуі де жұмыс орындарын ауыстырған емес. Педагог қызметкерлердің педагогикалық еңбек өтілі, алды, 30 жылдай мемлекеттік қызмет орындарында ұстаздық еткен ұстаз-тәрбиешілер болса, жас мамандардың өзі, қызмет етіп жүргендеріне 4-5 жылдай уақыт болған екен. Сондай-ақ, педагогтардың жеткен жетістіктері мен қоса алғыс хат, марапаттаулары да айтарлықтай жетіп жатыр. Орталықтың педагогтары ата-аналармен де тығыз жұмыс жасап, өте жоғары деңгейлі қарым-қатынаста болып, олардың тарапынан тек алғысқа ғана бөленіп, ешқандай, бірде-бір ескерту, шағым болмағандары, қуантпай қоймайды.

 

Және де, ауыз толтырып айтатындай жағдайдың бірі, ол 2017ж. қыркүйек айында БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорынан келген өкілдерінің, республикамыздың ірі қалаларымыздағы балабақша, мектеп, университет, институттарды аралағанда, осы «Шаттық» орталығына да көңіл бөліп, өз көздерімен келіп көріп, жақсы деген ой пікірлерін білдіріп, жоғары бағаларын беріп кеткендері.

 

Ал, енді, біз үшін «Шаттықтың» ерекшелігі, ол, осы орталықтың болашақ жасөспірімдерге жай ғана білім бермей, елге, ұлтқа қызмет жасайтын азаматтарды тәрбиелеулерін мақсат тұтуы. Ұлттық қағидаларымызды, Мемлекеттік тілімізді жоғары қоюлары. Осылайша, балалармен арнайы өткізілетін ойындар, тренингтер, экскурсиялар, мерекелер мен ойын-сауықтар сияқты жұмыстың түрлі нысандарында, тек ұлттық құндылықтар арқылы жүзеге асырылып жүйеленгені. Және тағы, ана тілінде тәрбиеленіп, оқытылатын, жергілікті ұлт балалары санының өсуіне ықпал ететін ұйымдардың бірі, осы «Шаттық» балабақшасы деп айтуға толық болады. Ал, «Ұзын құлақтың» айтуы бойынша, осы орталықтан орын алу үшін, ата-аналар қаланың арғы шетінен де көшіп келіп жататын көрінеді.

Аталған шағын орталықта қазіргі, 2019-2020 оқу жылында 470 бала тәрибеленіп білім алып отыр екен. Бұл тек осы жылғы көрсеткіш қана. Әр жыл сайын шағын орталықтан 400-ге жуық балалар мектепке шығарылып жатады екен.

Қазіргі таңда, орталықтағы жалпы бала саны 235 ке толады. Бірінші кезектегі 15 қазақ тобы бар. Оның ішінде: 10-ы мектеп алды даярлық топтары (5жастағы балалар), 3-еуі ересектер топтары (4жастағы балалар). Қалған 2-еуі, жас ерекшелігі аралас, инклюзивті білім беру және түзету кабинетінің балалары болып келеді. Екінші кезектегі 14 топтың 10-ы қазақ тобы болса, 3-еуі ғана орыс тобы. Сонда не бары, 29 топ болып тұр.

Есептік көрсеткішпен бала санын көрсететін болсақ, 2012-2019 жылдар аралығында шағын орталықта 600-700 шамасында балалар тәрбиеленіп білім алған екен.

Үш ұйықтаса, түске кірмейтіні, аяққа нұқ тұрып кеткен, үлкен «Мекеменің» жабылуы, кімнің ойына келді екен? Не себеп болды? Кімге керек болды? Бұның артында кім тұр? деген сұрақтар туындайды.

 

Жоғарыға бармас бұрын, алдымен жергілікті тұрғындарды әңгімеге тартып көрдік. Кей біреулерінің айтуы бойынша,сол маңайдағы №74 мектеп-гимназияның жартылай босап қалғанынан, соның ішінен мектепке дейіңгі орталықтарды ашып орнын толтырулары мүмкін екен. Неге? десек. Сол аудан тұрғындарының кіші-кірім жағдайы барларының бәрі, балаларын сол мектептен «әрі», алыстағы мектептерге апарып жүр екен. Келесі, Неге? деген сұрағымызға, «Балаңызды беріп көріңіз…» деген қысқа жауап алдық. Олай болса, ондай «мектептің» не керегі бар бізге? «Қожайыны» не істеп отыр? Сөйтіп, мектептің жанына да барып көрдік. Шыныменде, мектептен көрі, түзеу мекемесіне ұқсайды екен. Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін айтатын болсақ, 5 жылда маңайына 5 тал өспеген мектептен қандай білім, тәрбиені сұрауға болады.Оның қасында, кейін ашылған мектептердің жарқырап тұрғандары бірден көзімізге түсті.

Бұл қалай болғаны?

Тағы біріміз, осындай шағын орталықтардың саны қазіргі кезде басым болып кетті деген пікірмен бөлісті. Жарайды. Тіпті, солай болғанның өзінде, неліктен ең үздік деген Қазақи орталықты жабулары керек? Неге? Ал, тап осы ауданнан орыс тіліндегі басымдылықпен, жеке меншік шағын орталықтардың ашылып жатқандарына жол беріліп отырғандарын қалай түсінсек?

Жабылғалы тұрған «Шаттық» орталығының басшысымен де сөйлескіміз келіп еді. Ол кісі, «Мен ештеңені айта алмаймын» деп, сөйлесуден бас тартты. Ал, ата-аналар болса, жекелеген хаттардан ұжымдық хатқа көшкендерін айтып, енді артқа шегінбейтіндерін жасырмай, көздерінің жастарын да жасыра алмады.

Біздің де, жоғарыда отырған «Білімділерімізден», еш нәрсені жасырмай сұрағымыз келеді. Не ұстаздармен ақылдаспайтын, не ата-аналардың жан айқайына құлақ аспайтын сіздермен не болып бара жатыр?

Ойланайықшы…

Жасұлан ИСА

2019120605154469

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 28 пікір жазылған

  1. Гульзира 6 Желтоқсан, 2019 16:22 Жауап

    Қазақ тіліндегі орталықтарды жабудағы мақсат не? Түсінбедім. Өз тілінде сөйлей алмайтын,өз салт дәстүрін білмейтін жастар қаншама. Бұндай орталықтарды жабу емес,көбейту керек қой.

  2. Гүлжазира 6 Желтоқсан, 2019 16:43 Жауап

    Гульзираның сөзіне толықтай келісемін не үшін жабасыздар мақсаттарыңыз не сондағы? Керісінше осындай орталықтарды көбейтіңіздерші. Шаттык орталығын жаумаңыздаршы өтініш, оған қаншама бала барып білім алып жүр

  3. Балнур 6 Желтоқсан, 2019 18:23 Жауап

    Жабылуына толыктай карсымыз мен баламды Учхоздан алып барып журмин оте жаксы орталык баламнын окуга деген зейни жаксы келеси жылы тагы улымды беремин деп журсем не ушин жабылды?

  4. Мадина 6 Желтоқсан, 2019 18:28 Жауап

    Балам куана барады бул шагынорталыгына, онын бари акимшилик пен устаздардын аркасында Жабылганы дурыс емес, канша бала орта жолдан баска уйымга ауысуына тура келеди, бул олардын Жана ортага тусип, психикалык шок алуына асер етеди, олар али кип-кишкентай, уйренген жеринде Оки берсин. Онын устине каншама копбалалы ата-ана бар, оларды неге ойламайсыздар?!

  5. Айым 6 Желтоқсан, 2019 18:48 Жауап

    Менің қызым білім алады осы орталықта. Үйіміздің жанында орналасқаны өте ыңғайлы. Мұғалімдеріміздің кәсіби біліктілігіне қызымыздың үш айдың ішінде әріп танып, жазу жазып, есеп шығаруды үйренуінен-ақ көзіміз жетіп отыр. Қазір бірінші сыныпқа бала оқып-жазып баруы қажет, болмаса үлгерімі төмен оқушылар қатарына оңай түсетіні анық, себебі мектеп бағдарламаларының өте ауыр әрі күрделі екені баршаға мәлім. Осы себепті Шаттық орталығының жұмысын тоқтатпау мәселесі бойынша әкімшіліктің тиісті іс-шараларды қолға алуларын өтінеміз!

  6. Малика 6 Желтоқсан, 2019 19:13 Жауап

    Шаттык орталыгынын жабылуына карсымыз. Бiз 4 жыл болды осы орталыкка барып жургенiмiзге , мугалiмдердiн бiлiм беру оте жогаргы денгейде.Балаларымыз 42 арiптi танып, диктант жазып шыгады. Бiзге унайды, жабылмасын.

  7. Каракоз 6 Желтоқсан, 2019 19:24 Жауап

    Мен балабакшаның жабылуына карсымын,кызым осы бала бакшада тәрбиеленип жатыр,мен сиякты коп балалы отбасыларга коп комек,тегин барады.Устаздары билимди,мейіримді озиме катты унайды.

  8. Айгерим 6 Желтоқсан, 2019 19:47 Жауап

    Шаттык 38 мектепке деинги орталыктын жабылмауын сураймыз!!!,3ши жыл барып жатканымызга, оте керемет мугалимдери, улкен кызым мектепте оте жаксы окиды , осы бала бакшада билим алган, мугалимдери оте мыкты, жабылмасын шаттык 38

  9. Айгерим 6 Желтоқсан, 2019 19:48 Жауап

    Шаттык 38 мектепке деинги орталыктын жабылмауын сураймыз!!!,3ши жыл барып жатканымызга, оте керемет мугалимдери, улкен кызым мектепте оте жаксы окиды , осы бала бакшада билим алган, мугалимдери оте мыкты.

  10. Жанна 6 Желтоқсан, 2019 23:03 Жауап

    Шаттык 38 мектепке деинги орталыктын жабылуына карсымын. 2-ши жыл барып журмиз катты унайды. Мугалимдери билимди балалармен жаксы жумыс жасайды. Уйренгенимиз оте коп. Шаттык 38 мектепке деинги орталыкты бари мактайды. Битирип кеткен балалардын бари мектепте жаксы окыйды. Ол нени билдиреди?! Демек фундамент мыкты.

  11. Тойжан 6 Желтоқсан, 2019 23:20 Жауап

    Бизде толыктай карсымыз!!!!Кашан ел басында отырган ел калаулылары елдин болашагы балаларды ойлайды екен.менин улым осы шагын орталыкка барады бизге катты унайды.билим сапасы керемет.жабылуга жол бермеймиз.

  12. Ерлан Смайлов 7 Желтоқсан, 2019 08:56 Жауап

    Арине карсымыз жабылуына. Орнына жогарыда откан биреу жеке меншик шагын орталык немесе баска коммерциалык дукендер ашкысы келген шыгар. Казактар ундемейди деп казак тилиндеги шагын орталыкты жабамыз деп шешкен шыгар. Министирликте отыргандарга акша экономда десе, бирден штат кыскартып, осындай жаксы жумыс истеп отырган орталыктарды жабуга усыныс тастайды.

  13. Қолқоюсыз 7 Желтоқсан, 2019 10:42 Жауап

    Билим ошактары жабылма, кайта кобире ашылу керек. Биздин 83 мектеп ин 1 В сыныбымызда шаттык орталыгынан битирген 5-6 окушы окиды, барлыгын мыкты. Биз осы билимди алу ушин айында 25000 толеп окыттык. Ондай каражатты барлыгынын каласы котере бермейди

  14. Феруза 7 Желтоқсан, 2019 11:14 Жауап

    Осынша жылдық еңбек қайда қалады? Болашақты ойлайтын адам бұлай жасамас еді, қазіргі уақытта ештеңеге таң қалмайтын болдық…

  15. Алия 7 Желтоқсан, 2019 11:17 Жауап

    Осындай халыққа тиімді орталықтар ЖАБЫЛМАСЫН. Балаларымыздың болашағы үшін үндемей қалмаймыз.

  16. Арыстан 7 Желтоқсан, 2019 12:03 Жауап

    Балалар орталыгы жабылмасың!!! біздің елімізде біз балалар үшін жақсысын істемейбіз ба ?!

  17. Зейнеп 8 Желтоқсан, 2019 10:14 Жауап

    38 «Шаттық » шағын орталығы жабылуына қарсымын !
    Мен сияқты көп балалы отбасылар қалтасы бала бақшаға көтере бермиді.
    Бастысы білікті Ұстаздар сапалы білім беріп жатыр. Көп мектептерде даярлық сынып жоқ. Қазақша орталықты жабудағы мақсаттарыныз не ?Мен 3- ші баламды беріп жатырмын. Балаларымыз тегін әрі сапалы білім алуға қарсы болманыздар.

  18. Айдана 9 Желтоқсан, 2019 16:41 Жауап

    38 шаттык шагын орталыгы жабылмасын мен карсымын

    Ұстаздары ‍ билимди балаларымыз жаксы билим алып жаттыр.

  19. Жарқынай 25 Желтоқсан, 2019 13:33 Жауап

    Номер 38 Шағын орталық жабылмасын. Мен қарсмын. Біз осында балаларымыз ды оқытып отырмыз.

Балнур үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау