Нұргелді Әбдіғаниұлы: Қазақ тіліне қырын қарайтындар – өзіміздің айыртілділер

1914
60
Бөлісу:

Тағы да талас. Тіл төңірегінде. Онда да, отау ішіндегі орта қазанға ортақтас «көп ұлттың» бірінің тілі емес, Мемлекетті құрушы ұлттың, қазақтың тілі, Қазақстанның Мемлекеттік тілі төңірегінде. ҚР Президенті жанынан құрылған Ұлттық сенім кеңесінің кей мүшелері Қазақстанда қазақ тілінің мәртебе алып, арнайы Заң болып бекітілгеніне бөтен ойлы екенін білдіріпті.

Бұл туралы күні кеше ғана журналист Өмірзақ Ақжігіт жазды. Белгілі эколог Азаматхан Әміртай да қазақ тіліне қырын қарайтындарға ашық қарсы шығып, өткір пікір білдірді. Қазақтілді ақпарат құралдары да аталған мәселеге мән беріп, дабыл қақты. Тіл тағдырына қатысты таласта «тілімізді тістеп» қалу – арымызға да, азаматтығымызға да сын! Ендеше рет-ретімен жазайық…

Елдің екінші сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел-халыққа есім-сойы танымал азаматтарды жиып, кеңес құрғанын білесіздер. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (17 шілде 2019 жыл. №63 Жарлық). Оған қырықтан аса кісі мүше болды.

Ұлттық мүддені қорғау – мемлекеттік тілден басталады

Сол кеңестің алғашқы отырысы өтіп, онда бірлі-жарым адам баяндама жасады. Баяндаушылардың бірі – кеңес мүшесі, ақын Қазыбек Иса еді. 6 қыркүйектегі жиында Қазыбек Иса: «Ұлттық мүддені қорғау – мемлекеттік тілден басталады» деп сөйледі. «Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін барлығымыз жұмыла әрекет етіп, барлық жерде мемлекеттік тілді міндеттейтін Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауымыз керек! Ол үшін Атазаңда Мемлекеттік тіл өз мәртебесін жеке дара иеленуі үшін 7-баптың 2-тармағын алатын уақыт жетті. Бұл Халық талабын алдымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы қолдауы тиіс!» деді.

Алып-қосарыңыз бар ма? Әңгіме ҚР Конституциясының 7-бабы туралы. 7-баптың 1-тармағы«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі». 

«Алып тастау керек» деп отырған 2-тармақта: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген мінәйі мәселе бар.

Ал «ҚР тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 4-бабында: «ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР әрбір азаматының парызы», – деп тайға таңба басқандай жазылса, дәл осы Заңның 5-бабында: «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», – деп жазылған.

Осы бір екіұшты Заңдар мен мемлекеттік тіл төңірегіндегі таластың тоқтаусыз жүріп жатқанына, міне ширек ғасырдан асты. Бөтен тілге буазкөңіл біреулер 7-баптың 2-тармағы мен 151-Заңның 5-бабына жата кеп жармасып, өліспей беріспестей болып келеді.

«Никто ведь не желает идти по пути Михаила ГОРБАЧЕВА»

Міне қараңыз, «Время» гәзетінің ресми сайты. 10 қыркүйек күні «Политолог Данияр АШИМБАЕВ – о первом заседании НСОД: Президенту нужен тайм-аут» атты сұхбат жариялапты.

Президент қатысқан сол бір жиыннан алған әсерін ақтарылып-төңкеріліп айтқан «саясаткер» Әшімбаев «билік базынадан гөрі нақты ұсынысты қалайды» депті. Хош! Нақты ұсыныстар айтылмады деген және өтірік сөз. Саясаткер Айдос Сарым, Айман Омарова, Ермек Тұрсынов, Рақым Ошақбаев, Қазыбек Иса т.б. бірқатар азаматар сол жиында сөз алды. Нақты ұсыныстар айтты.

Қазыбек Иса демекші, жаңағы «саясаткер» Әшімбаев Мемлекеттік тілге мәртебе беріп, Заң қабылдауды сұраған Қазыбек Исанының ұсынысын «күлкілі» һәм «қауіпті» деп бағалапты.

Әңгімесінің әлқиссасын «радикалды ұсыныс айтушылар – Горбочевтің тағдырын ұмытқан ба?» (Никто ведь не желает идти по пути Михаила ГОРБАЧЕВА, когда начинали вроде с хороших и нужных реформ, а закончилось все кровопролитием и развалом страны) деп бастаған Әшімбаев бүй дейді:

«Довольно опасное, на мой взляд, предложение прозвучало из уст Казыбека ИСЫ о необходимости дальнейшего развития государственного языка.

Прежде всего отменить норму закона о языках, согласно которой в стране установлен список профессий, для которых знание госязыка является обязательным. То есть он предложил сделать так, чтобы знание госязыка было обязательным для любой профессии. В условиях фактического двуязычия эта инициатива является дискриминационной и провоцирующей обострение межнациональной ситуации в стране. Кроме того, он предложил разработать новый закон о госязыке и создать отдельное агентство по государственному языку».

«Яғни, Ол (Қазыбек Иса – ред.) мемлекеттік тілді білуді кез келген кәсіп иесіне міндеттеуді ұсынды. Қостілділік жағдайында бұл ұсыныс – елдегі ұлтаралық жағдайды ушықтырып, алалаушылықты қоздыратын бастама», – дейді.

Мемлекеттік тілге мәртебе беру – «радикалды», «қауіпті» қадам ба?

Әшімбаевтың айтуынша –  Мемлекеттік тілге мәртебе сұрау, оны арнайы Заңмен бекітіп, баршаға міндеттеу – елдегі ұлтаралық араздықты тудыратын, тілдік алашаушылықты қоздыратын қауіпті ұсыныс екен. Мемлекеттік тілді білуді баршаға міндеттеу – ұлтаралық араздықты қоздыратын қауіпті фактор болса, Әшімбаев мырза «ҚР Тіл туралы» №151 Заңының 4-бабы – Конституцияға қайшы дегенді де меңзеп тұрса керек… Өйткені, дәл сол 4-бапта:  «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс-қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР әрбір азаматының парызы», деп тайға таңба басқандай жазылған.

Әрі қарай, «Меніңше, мәселені ономастика мен терминология комиссиясының жұмысына бұрғаны жөн болар еді. Тілдік мәселелерге бөлінген миллиардтардың есебін сұрайтын, республикалық бюджетті бақылайтын Есеп комитеті тексеру жүргізуін, бұл бағдарламалардың аса сәтті болмағынын ескеріп, оны конкурстық негізге көшіру мәселесін көтергенде…», деп жалғапты ойын. Тілді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың сәтсіздігін айтқанын ақылға сыйдырсақ та, қазақ тілі туралы Заң қабылдау – ұлтаралық араздықты қоздырады деп сөйлегенін еш ақтап ала алмаймыз.

Данияр Әшімбаевтың сұхбатына қарап отырып, ҰҚСК-дегі үш жұмыс тобынан сөйлеген алты спикердің ішінде іліп аларлығы жоқтың қасы екен деп ой түюге болады. Мысалы, саясаттанушы Айдос Сарымдар сөйлеген саяси топтың сөзін Президент жай тыңдаған. Ешбір ұсынысын түртіп алмаған. Кейбір топ өз ұсыныстарын сол жиын болардың аз-ақ алдында әзірлеп үлгерген. Айман Омарова өз жұмыс тобымен ақылдаспай, өз бетінше сөйлеген. Рақым Ошақбаев бірді айтып, бірге кеткен. Кеңес мүшелерінің арасында білім-ғылым мен медицина туралы айтатын адам болмаған. Қазыбек Иса тіпті «қауіпті» ұсыныс айтқан.  Ішіндегі ең тәуірі Ермек Тұрсынов екеуі-міс.

Жә, айтпағымыз ол да емес. Тілге оралайық…

Ел халқының 80 пайызы қазақтілді

«Тіл туралы» заң алғаш 1989 жылы қа­был­данғаны белгілі. Содан бері 30 жыл. Тіл мәселесі, осы күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Иә, 1989 жылмен салыстырсақ, тәубе дерлігі көп. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейді. Қоғамдық талаптың тілі, ғылым мен білімнің, керек десеңіз, қоғамдық саясаттың тілі қазақыланды. Елде 18 миллионнан көп жан саны бар десек, сол 18 миллионның 71 пайызы – мемлекетті құрушы ұлт, қазақтар. Осыдан екі жыл бұрынғы дерек бойынша (2017 жылғы), халқымыздың 80 пайызы қазақтілді. Екі жылда бұл көрсеткіштің өсе түскені тағы рас. Өйткені, биылғы қаңтар-қыркүйек есебі бойынша 34,2 мың адам өзге елдің азаматтығын алған екен. Олардың 90 пайызы ТМД елдеріне көшкен. Әсіресе, соңғы жылдары Солтүстіктегі сойы бөлек жұрт іргедегі елге (Ресейге) кетіп жатыр деген ақпарат аз-аздан жариялана бастады. Тәуелсіздік алған 1991 жылы елдегі қазақтардың саны бар-жоғы 40 пайызды құраса, қазір 70 пайыздан асады. Мәселен, бір ғана Қызылорда өңірінде 97 пайыз қазақтар тұрады. Ал 1990 жылдардан бері қарай елімізден жарты миллион неміс, 2-3 миллион орыс кетті.

«Көпұлттылық» – саяси манипуляция құралы

Әрине, этностатистика табу салынған тақырып десек те, ресми статистика осы көрсеткіштің төңірегінде екені және факт. Азды-кем айырмашылық болатыны сөзсіз. Өйткені, «көпұлттылық» бұл – саяси тетік. Манипуляция құралы ғана.  Ал, қазақты, оның тілін доминантты ету – биліктегі мүдделі топ үшін өте-мөте тиімсіз. Бұл екінің-бірі білетін жайт. Десе де, экс-министр (Мәдениет және спорт министрі) Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанадағы ақ жағалылардың бір жиынында 80 пайызды сескенбей айтып қалған. Есімізде.

Шындығында, бейресми деректе Қазақстанда абсольютті доминант тіл – қазақ тілі, басым ұлт – қазақ болды. Енді оған шетте жүрген 5 миллионға жуық қазақтілді қазақты қоса есеп қылыңыз… Демек, біз көп ұлтты құрама мемлекет емеспіз. Біз – унитарлы мемлекетпіз. Яғни, доминантты ұлттың қалауы орындалуы тиіс. Анығында демкоратиялық принцип те бұған қайшы емес.

Алайда, осы 30 жылда тіл мәселесі толық шешімін тапты десек, және қателесеміз. Елімізде қазақ тілінің конституциялық мәртебесі толықтай бекімей  – бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Бұл – факт!

Ал жаңағы «саясаткер» Данияр Әшімбаев сынаған «мемлекеттік бағдарламалар» неге сәтсіз? Миллиардтар бөлініп жатыр ғой. Оған бір ғана себеп бар. Ол – «қостілділік». Иә, жаңағы 7-баптың, 2-тармағы – мемлекеттік тілді дамыту саясатын жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Ал енді осының шешімі ретінде – Мемлекеттік тіл туралы Заң қабылдауды ұсыну – Әшімбаевтар үшін «радикалды», «қауіпті» қадам-мыс.

«Әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті». Мұны Конституция міндеттейді! Жоқ, біз жаңағы Әшімбаев айтқандай, «Ойбай, шу шығып кетеді», «Ойбай, бірдеңе боп қалмасын» деген мәймөңкелікпен, тілімізді тістеп қалып, бөтен мемлекеттің мемлекеттік тіліне мұқтаждықты қолдан жасап отырмыз. Ащы, болса да шындығы – осы.

Қазақ тіліне қырын қарайтындар – өзіміздің айыртілділер

Ең сорақысы, қазақ тіліне қырын қарайтындар «Маша-Васялар» емес, өзіміздің айыртілді ала өкпелер секілді. Сенбесеңіз, Ассамблея дейтін әйдік ұйымның кез келген жиынын алып қараңызшы. Ел басшыларының алдында қазақша сөйлеп тұрған диаспора өкілдерін көресіз… Олар қазақша сөйлегенде, қос тілге басы айналып, басыбайлы құл қалған біздікілер жолда қалады…

Сонымен, мемлекеттік тілді білмейтіндер кімдер? Олар қонақтар ма, әлде осы елдің азаматтары ма? 30 жыл бойы ешкім олардың құқығын шектеген жоқ, тіпті өзіміздің құқығымызды аяқпен таптап тұрып, олардың құқықтарын ерекшелеп бердік. Енді осындай жомартық пен кеңдіктің қайтарымы болуы керек шығар… Жоқ, болуы керек! Ендеше Әшімбаевтар неден қауіптеніп отыр? Түсініксіз…

Тіл – кімнің кім екенін анықтайтын индикатор. Өкінішке орай, біз әлі сол кеңестік идеологияның интернационалистік инфекциясы жұққан дерттілермен дауласып келеміз…

Түйін. Тигон (tiger+leon) дейтін мақұлық жаратылыс бар. Жолбарыс пен арыстаннан шыққан шатыс. Қазақшаласақ – жолтан.

Жолтандар – жабайы табиғатта мүлде кездеспейді. Хайуанатар бағында ғана өмір сүреді. Жаратылысы да ерекше. Тұмса табиғаттың құшағына босатып жіберсе, аштан қатады. Себебі бітімі, сүйегі, бұлшық еті шабуға, аң аулауға мүмкіндік бермейді… Я жолбарыс емес, я арыстан емес, жер басып жүрген бір мақұлық…

Өкініштісі сол, бүгінде біздің арамызда да небір жолтандар жүр. Не орыс емес, не қазақ болғылары «келмейді». Олардың да жаратылысы дәл жаңағы жолдандардікіндей-ақ… Болмысы жолбарыстай ірі болып көрінгенімен, шамасы шектеулі… Олар да жолбарыс сияқты ірі, білімді, сабырлы көрінгенімен, табиғи жағдайда өмір сүре алмайды. Қолда өмір сүруге ғана қауқарлы. Сәйкестікті қараңыз…

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Дереккөз: Abai.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 60 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 5 Желтоқсан, 2019 14:36 Жауап

    Қазақтың жауыда қазақ. Олай дейтінім анасының ақ сүтін ақтай алмайтын екіжүзді сатқын орысқұлдар Арман Шораев, Данияр Әшімбаев секілді арамза сатқындар өз ана тіліне қарсы шыққан екіжүзді сатқындар ғой ! Ұлттық мүдде, ұлттық құндылық, ұлттық тіл дегеннің исін сезбес малғұндарды анасының ақ сүтінің киесі атсын ұлт жауларын!

  2. Майра 5 Желтоқсан, 2019 21:36 Жауап

    Қазаққа, қазақтың тіліне қарсы мұндай ұлтымыздың дұшпандарына тезірек шара қолдануымыз керек.

  3. Еркеназ 5 Желтоқсан, 2019 23:14 Жауап

    Миына тұтас əлемнің миын құйса да адам болмайтын мұндайлардан құтылуда бір бақыт. Ұлттық кеңеске сол бақытты тіледім.

  4. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:22 Жауап

    Тіл мәселесін ұлт жанашырлары билікті қолға алмаса болмайды. Анау орысқұлдар ұлттың болашағына қаіп төндіреді.

  5. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:25 Жауап

    Құдайберген жаратылысымызды, қалыптасқан болмысымызды шалалардың өзгертуіне ешқандай құқығы жоқ, біз оған жол бермейміз

  6. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:30 Жауап

    Тарихтың сырдарлы сынағынан ұлттық ерекшелігіміз өзгеріске ұшырамай өз күйінде сақталып келді. Енді Егеменді ел болып Тәуелсіздікке қолымыз жеткен заманда шалаларға ұллтың мүддесіне қол салуға жол бермейміз.

  7. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 20:32 Жауап

    Ұлттың мүддесіне қарсы болған адамдардың мұндай пиғылдарын жауапсыз қалдыруға болмайды.

  8. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:38 Жауап

    Құлдық санадан арылаалмац жүрген орысқұлдардың кесірінен қазақ тілі тиісті деңгейде дамымац келеді.

  9. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:41 Жауап

    Қазақтың жауы әр қашанда қазақ болған. Сатқындар арамыздан шығып ауызбіршілік сақталмады. Бүгінгі күні осы проблема алдыивздан қайта шығуда. Ұлттық болмысынан айырылған осындаи адамдардың қалпінде келуде.

  10. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:44 Жауап

    Орыс болайын десе жаратылысы басқа ал қазақ болайын десе құлқы жоқ дүбәралар ұлттың бірінші жауы.

  11. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 20:47 Жауап

    Қазақ мүддесіне қарсылар оған қырын қарайтындар орыстар емес, өзіміздің айыртілді шалақазақтар.

  12. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:49 Жауап

    Халқымыздың 80пайызы қазақ тілді азаматтар болса да дүбаралардың Қазақ елін орыс қылғысы келетін іс қимылдарына таңым бар.

  13. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:54 Жауап

    Басқа ұлт өкілінңң екі ауыз қазақша сөйлегеніне баладай мәз болатын басшылар соларды құтыртып отыр.

  14. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 20:56 Жауап

    30 жыл бойы ешкім олардың құқығын шектеген жоқ, тіпті өзіміздің құқығымызды аяқпен таптап тұрып, олардың құқықтарын ерекшелеп бердік. Енді осындай жомартық пен кеңдіктің қайтарымы болуы керек шығар?

  15. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 20:59 Жауап

    Әшімбевтар олай десе онда қазақтың қамын жеген ұлт жанды азаматардың бәрі радикал. Итнемене.

  16. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 21:01 Жауап

    Өз жерімізде, өз мемлекетімізде тұрып мемлекеттік тілдің мәртебесінің өсуіне жасаған әркетіміз үшін радикал болдық па? Әшімбаев ит екенсің

  17. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 21:04 Жауап

    Қашанға осы қазақ тілін меңгермеген қараңғылар мен надандар үшін қашанға жалтақтауымыз керек? Бұлар таза құтырған.

  18. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 21:08 Жауап

    Қазақстанның дамымауы осындай екі мағыналы заңдардың болуы. Тіл саясатының дұрыс болмауы осындай Әшімбевтардың кесірі.

  19. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 21:10 Жауап

    Әрбір азамат мемлекеттік тілді білуге міндетті. Мұны Конституция міндеттейді! Мемлекетіміздің заңын мойындағысы келмейтіндер қазақтың жауы.

  20. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 21:13 Жауап

    Бүгінге күнде Украйна халқы осындай орысшыл азаматтардың зиянын тартып отыр. Тұрып жатқан жеріне жаны ашымаған сатқын ватниктер өте қауіпті.

  21. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 21:15 Жауап

    Жолтандар деп тура мыспл келтіріпті. Болмысы бұзылған санасы мен рухани дүниесі мутацияға ұшыраған адамдар қалыптасқан ұлтқа кері әсер береді.

  22. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 21:18 Жауап

    Орыс пиғылын әлпештей бергеннен қоғамда қазақ тілді жастар өзін еркін ұстап өз ойын, мүмкіндіктерін аша алмай келеді. Бұл қатты стресс тудыратын жағдай.

  23. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 21:24 Жауап

    Әшімбев сияқты мутанттардың ҰК кекелуін қамтамасыз етіп отырған адамлар бар. Олар Қазақстанды орыс тілінің үстем болған бағытын қалайтындар

  24. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 21:30 Жауап

    Орысқұлдар қазаққа біткен бір дерт болды. Бұларға тоқтау салу керек. Әйтпесе ертең осындайлар қазаққа ақыл айтумен болады. Одан қалса орыс қылады.

  25. Qyr balasy 6 Желтоқсан, 2019 21:34 Жауап

    Осы ұлт араздықты қоздыру дегенді әр кім өз керегіне қолданатын болдығой. Опасыз біреу екен Әшімбаев деген.

  26. Алмас Асемханулы 6 Желтоқсан, 2019 21:38 Жауап

    Әшімбаев сияқтылардың кесірінен елде заңнамалар 80%орыс тілінде шығады орысшадан қазақшаға аударады. Аудармалары қайбір оңып тұр дейсіз. Заң саласында қазақ тілінің жағдайы өте нашар. Қазақ тілінде таза іс жүргізетін немесе адвокаттар өте аз.

  27. АЙША 7 Желтоқсан, 2019 17:39 Жауап

    Қазақ тіліне қырын қараудың ақыры ұлт ретінде жойылуға əкеліп соғатынын Əшібаев пен Шораев сияқтылардың түсінбей жүргені өкінішті.

  28. Қарақат 7 Желтоқсан, 2019 17:41 Жауап

    Қазақ тілінің мəселесін биік мінберден көтеруден шаршамай келе жатқан Қазыбек Иса ағамызға Алла жар болсын!

  29. Qyr balasy 7 Желтоқсан, 2019 22:39 Жауап

    Ислам Әбіштің ісі қазақша жүруі соттардың мемлекеттік тілде іс жүргізудегі олқылығын көрсетті.

  30. Гүлім 8 Желтоқсан, 2019 16:48 Жауап

    Қу құлқынның құлы болғандары соншалықты, тілімен қоса ұлты жойылып кетсе де бəрібір ғой мына мəңгүрттерге.Не деген бассыздық.Қазақ тілін мен қоса қазақ ұлты жасай берсін десек қазақ тілінің көсегесін көгертуге тырысайық.

  31. Мира 8 Желтоқсан, 2019 16:50 Жауап

    Ұлттық кеңеске қайдан ғана мүше болып жүр мұндай туған тілін аяққа тепкен тексіздер.Шұғыл шара қолданып, шығарып жіберу керек қой.

  32. Маржан 8 Желтоқсан, 2019 16:54 Жауап

    Орыс тілі əлі де басым түсіп тұрғаны белгілі. Дегенмен Ұлттық кеңес төрінде Қазыбек Исадай ұлтшыл азаматтарымыздың қазақ тілі хақында батыл ұсыныстар жасауының өзі алға қадам басқанымызды білдіреді.Тек ұлтым деген осындай арда азаматтарымызды лайықты қолдай білсек.

  33. Əсел 8 Желтоқсан, 2019 16:57 Жауап

    Өз тілін өзектен тепкен дүмшелер қазақ тілін білмесе, қадірлемесе жібі түзу қызмет берілмеуі керек мұндайларға.Қажеттілік туындаса өздері үшін үйреніп алары анық.

  34. Мәмбет Құрманбаев 8 Желтоқсан, 2019 21:21 Жауап

    Ұлттың жауы да, ұлттық мүдде жауы да өзімізден шыққан айыртілді санасын орыс улаған дүбәрә сатқындар Данияр Әшімбаев, Арман Шораев, Серікжан Мәмбеталиндерге өз ана сүтімен қалыптасқан ана тіліне қарсы шығуы ұлтына опасыздық қылуы өте қауіпті дерт. Ондай өз еліне, өз тіліне қарсы шыққан екіжүзді сатқын орысқұлдарды Ұлттық Қоғамдық Кеңестен мүшеліктен шығарып өздері көксеген Ресейіне жер ауып, сол жақтағы Ресей шошқа фемасына орналастырған жөн, шошқалармен қорсылдасып ортақ тіл табысар!

  35. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 21:45 Жауап

    Өз тілінің қанат жайуына қарсы келетін Әшімбаевтарға тарих сазайын береді. Тарихтан белгілі ондай адамдар оңбайды.

  36. Qyr balasy 8 Желтоқсан, 2019 21:57 Жауап

    Әшімбанвтардың орыс тілінің сақталуына деген утопия идея. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық нақыштардың қацта жаңдануы табиғи процесс. Оған еш енді еш нәрсе кедергі бола алмайды.

  37. Qyr balasy 8 Желтоқсан, 2019 22:37 Жауап

    Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін барлығымыз жұмыла әрекет етіп, барлық жерде мемлекеттік тілді міндеттейтін Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауымыз керек!

  38. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 22:41 Жауап

    Ана тілі… Ол біз өмір сүріп отырған қара топырақтың қасиетін қатар сіңірген, хош иісті, әуезді, сыңғырлаған үнге толы тіл. Халық арасында ана тілінен артық алтын болуы мүмкін емес. Себебі, тіл дегеніміз – халық тарихы, оның жады, жаны. Халықтың тыныс-тіршілігі, күш-қуаты осы тіл арқылы жүзеге асып отырады. Шырылдап түскен сәттен бастап ана тіліміз әлемге сенімді қадам басуымызға көмектеседі. Тіл қарым-қатынастың, ойды жеткізудің негізгі құралы болғандықтан, халық онсыз өмір сүре алмайды.

  39. Qyr balasy 8 Желтоқсан, 2019 22:45 Жауап

    Б. Момышұлының «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген болатын. Сондықтан тілімізді ұмытпай, әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек деп білемін.

  40. Qyr balasy 8 Желтоқсан, 2019 22:47 Жауап

    М. Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” – деген.

  41. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 22:48 Жауап

    Тіл байлығы – әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарап, орынсыз шұбарлануына қарсы тұруымыз керек.

  42. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 22:49 Жауап

    Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.

  43. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 22:50 Жауап

    өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – әр қазақ баласының бірден – бір міндеті болып табылады

  44. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 22:52 Жауап

    «Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» – деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

  45. Qyr balasy 8 Желтоқсан, 2019 22:53 Жауап

    Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.
    Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.
    Тіл – қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі, құдіретті ұғым.

  46. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 22:55 Жауап

    «Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан – дүниеміздің айнасы, өсіп – өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

  47. Qyr balasy 8 Желтоқсан, 2019 22:56 Жауап

    Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге, құрметтеу арқылы басқа тілді де, оның мәдениетінде қадірлейміз.

  48. Алмас Асемханулы 8 Желтоқсан, 2019 22:58 Жауап

    Тіл тағдыры – ел тағдыры. Әрбір адам өз ана тілін білуге және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.

  49. Айбын Аргын 12 Желтоқсан, 2019 17:47 Жауап

    Әрине, туған ана тіліміздің тұғырына көтерілуіне бәріміз ниеттіміз. Ал оған қарсы шыққан арамыздағы «айыртілділер» қазақтың тұтастығына қауіп төндіреді. Елдігіміз үшін мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне ие болуына жағдай туғызу қажет. Ал оған қарсы шыққандарды аяусыз жазалаған жөн!!!

  50. Ая 15 Желтоқсан, 2019 19:45 Жауап

    Жас та болса бас болып, қазақ тілін қорғаған Нұргелдіге рахмет! Біздің қоғамдағы жолтандар шынында да қауіпті.

  51. Рабилья 15 Желтоқсан, 2019 19:50 Жауап

    Қазыбек Иса ағамыз шынында да мықты адам.Ақын ғана емес, нағыз батыр. Қандай жағдайда да қазақ тілін қорғаудан тайсалмайтын елде бір адам болса ол Қазыбек Иса дер едім. Тек алға Аға!

  52. Рано 15 Желтоқсан, 2019 19:52 Жауап

    Ұлттық кеңес мүшесі оны құрған президентті қолдап жатқандарды сөксе жетіскен екенбіз. Қайтіп ел боламыз?

  53. Маржан 15 Желтоқсан, 2019 19:59 Жауап

    Болар елдің баласы бірін бірі батыр дер, болмас елдің баласы бірін бірі қатын дер деген. Елдің сөзін сөйлеген нағыз ер Қазыбек Исаға қарсы шығу – ер жігітке жараспайтын іс. Мақалдың екінші жолындағы теңеуге лайық адамдар ғана бықсып əңгіме айтады.

  54. Қарақат 16 Желтоқсан, 2019 14:08 Жауап

    Ана тілін сатқан адамға анасын сату да қиын емес. Ұлттық кеңесте мұндайларға орын болмауы керек.

  55. Аяла 16 Желтоқсан, 2019 14:14 Жауап

    Қазыбек ағаға мың рахмет! Тіл үшін күресте қашан да алдыңғы шептен көрініп келеді. Қандай кедергі келсе де төтеп беруге дайын.

Пікір немесе жауап жазу

бір × 3 =