ИСЛАМ ӘБІШЕВТІҢ СӨЗІ ҮШ АЙ ТЫҢДАЛҒАНДА БІР ІЛІК ТАБЫЛМАДЫ…

2298
24
Бөлісу:

Ислам Әбіш пен Серік Төкеевтің соты бүгін тағы да Ұлтттық бюроның тергеушілері жүргізген жасырын тыңдауларды сараптауға арналды.
Бір анығы, тергеушілердің тері арамтер болып, жасырын тыңдауда Ислам Әбішевтің бір сөзі де жоқ күмән тудыратын. Сексот (секретный сотрудник) Азамат Шаймерденов ауадан жасап алған жоқ «параны» (іс бойынша пара берген де, алған да ешкім жоқ екені анықталды) ұсынбақшы болып, қанша жанталасса да, қармағына түсіре алмай, арандатуының ауа қармап қалғаны көрініп тұр… Қайта Шаймерденов (атын жазуға ол атқа лайық болмағандықтан айтпай отырмын) қайта-қайта «пара» ұсыну ұшығын шығара бастағанда Ислам Әбішевтің: «Маған ондай ақшаның қажеті жоқ!»-деп айттым ғой сендерге!»-деп тыйып тастағаны анық естіліп тұр…
Бүгінде Ислам Әбішев пен Серік Түкеевке арналған 30 том түгел сарапталып бітті. Онда да ешбір дәлел жоқ! Қолдан құрастырып, жамап-жасқаған іс екені әр томның әр бетінен айқайлап тұр…
Ал сұралған 20 шақты куәгердің бәрі, жала жабушы сексот Шаймерденовтен басқалары түгел Ислам Әбішевтің пайдасына жауап берді. Ал тергеушілер Ислам Әбішевке қарсы салуға пайдаланбақ болып сеніп әкелген марқұм Жампозовтың ұлы тергеушілердің өзін қорқытып, қолдан жасаған, өздері жазып берген жауаптарын ашық айтып, Ұлттық бюро қызметкерлерінің арандатушы қылмыстарын әшкерелеп берді. Сөйтіп прокуратура мен Ұлттық бюро тергеушілері масқара болып жатқан жайы бар…

БЕС АДВОКАТЫ БАР СӘУЛЕ СОТТЫҢ ӘДЕМІ СУРЕТІН ІЗДЕП КЕТТІ…

Бүгін түске дейін өткен сотта судья Қажымұқан Мекемтас Ислам Әбішев ісіне тұрақты қатысып, жүйелі түрде жазып келе жатқан белгілі журналист, қазақ телеарнасының Ақжүнісі атанған Сәуле Әбілдаханқызына ескерту жасады.


«Сіздер өтіп жатқан процесті толық және анық жазыңыздар. Содан соң менің әдемі суретімді салыңыздар! Мен осыны ескертемін сіздерге»-деді.
Алдында қазақ тілін жетік білмегеніне байланысты Ислам Әбіштің адвокаттары мен қорғаушылары үш рет сенімсіздік білдіріп, елордада одан артық қазақ тілін білетін сот болмағандықтан үш рет қайтвп келген, өткен отырыстардың бірінде Сәулеге залдан шығып кетуді талап еткенде бүкіл сотқа қатысушылар соттың орынсыз талабына қарсылық ретінде бәрі бірге шығып кеткен оқиғадан кейін бүгінгі сот өтінішіне не дерін білмей тежеліп қалған журналист:
-Сіздің әдемі суреттеріңіз де бар, салып жүрміз ғой»-деді.
Елдің бәрі ду күлді.
Бұл сот Мекемтас пен журналист Сәуле арасындағы тұңғыш бейбіт келісім диалогы еді.

Түскі үзілісте кафеде шәй ішіп отырғанда таныстардың бірі Сәулені іздеп, менен сұрады.
-Сәуле соттың әдемі суретін іздеп кетті…-деп едім, отырғандар ду күлді…

Ал түстен кейін Абзал Құспан мен Сәуле Әбілдаханқызының үстінен Арман Шораевтың сотқа арыз жазуына байланысты желтоқсанның 10-ына Алматыға сотқа баруы керектігін естіген Ислам Әбішев барлық бес адвокатын да осы сотқа жіберуге шешім қабылдады.
Ары қарай Сәуленің өзі айтсын:

» 10 желтоқсан күні Арман Шораевтың арызы бойынша Абзал Құспан екеуміздің сотымыз болатынын Ислам аға Әбішев естіпті. (Абзал өзіміздің сотымыз болатынын айтып, сұранса керек… ол жағын білмедім.)
Абзалға «сен өз-өзіңе адвокат бола аласың, маған кім адвокат болады?.. Алматыдан таныс, адал адвокат тауып берсей.. » деп күліп жүргем.
Содан, не керек, бүгін қызық болды ғой…
Ислам аға бүгін адвокаттарының бәріне былай деді:
Жігіттер, 9-10 желтоқсан процесті тоқтата тұрып үзіліс алыңдар да, бәрің Абзал мен Сәуленің сотына барып, осы екеуін қорғаңдар!.. Жол шығындарыңды мен көтеремін! Бұл екеуін кім көрінгенге талатпаңдар, бізді талап жатқандары да жетер!…– деді.
Күтпеген жерден, ойламаған жерден менің енді бақандай 5 адвокатым бар!!!

Өзі 9 айдан бері тар қапаста күн санап, сағат санап, тезірек бітсе екен деп отырған адамның бұл сөзіне қалай жүрегің езілмейді?
Аға қамқорлығын, Әке мейірімін сезгендей, көзіме жас кеп, тамағыма өксік тірелді…
Азамат, Тұлға деген осындай болады екен-ау!!!…

* Біз үшін Әбішев ағамыз бен Түкиев ағамыздың соты екі жарым күнге тоқтайтын болды. Алдағы апта сот отырысы 11 желтоқсан күні түстен кейін 15.00-де жалғасатын етіп судья Қ.Мекемтас графикті бекітті…»-
деп жазды ол Фейсбук парақшасына.

Сонымен, Сәуле Әбілдаханқызының жұмылғанда жойқын жұдырық болатын бес саусақтай белгілі бес адвокаты бар. Олар: атақты Абзал Құспан бастаған Мәкіш Есқараев, Ерлан Макенов, Алмас Абдрахманов және Саян Жүнісбаев.

Мұны естіген мен ер жігітке бергісіз батыл Сәуле қарындасыма:
-Ақыр Исекеңнің бес адвокатын алған екенсің, соттарға қазақ тілі мен қалай іс жүргізуді үйретіп отыратын қорғаушысы Ералхан Әбішевті де сұрап алмадың ба?»-деп әзілдеп қойдым…

Иә, Қазақтың ұлы жазушысы Бейімбет Майлиннің:
«- Қайдан келесің?
-Соттан келемін.
Соттан емес-ау оттан келемін»- дегенінің нағыз өзі болып жатыр…

Қазыбек ИСА,

Қазақ үні

 

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 24 пікір жазылған

  1. Мәмбет Құрманбаев 5 Желтоқсан, 2019 12:09 Жауап

    Ислам Әбішевтен шырақпен іздеп ілік таппаған сот пен прокурорың енді сағызша созылған сотын аяқтап, Ислам Әбішевтің кінәсіз екенін мойындап бостандыққа шығаруын күтеміз!

  2. Азиза 5 Желтоқсан, 2019 22:54 Жауап

    Иненің жасуындай да кінəсі жоқ Ислам Əбішев ағамызды өздері-ақ ақтап шығады əлі. Өйтені дəлел жоқ.

  3. Мария 7 Желтоқсан, 2019 18:00 Жауап

    Ары да жаны да таза Ислам Əбішевке күйе жағып, қаншама жылды арқалата салу деген арам пиғылдары жүзеге аса қоймас бұл соттың. Күні бүгінге дейінгі тергеу де Ислам ағаның ақтығын анықтап, дəлелдеп отырған жоқ па?

  4. Гүлмира Садық 7 Желтоқсан, 2019 18:03 Жауап

    11-ші желтоқсанға жоспарланған сот ісіне сəттілік тілейміз. Алла қолдап, Ислам Əбішев жəне Серік Түкиев ағаларымыз босап шықсын деп тілейміз.

  5. Еркеназ 7 Желтоқсан, 2019 18:28 Жауап

    Ислам Əбішев сотын бұдан əрі созу қисынсыз. Заң алдында Əбішев пен Түкиевтің адалдығы анық көрініп тұр. Ендігі жерде судьялар да əділ шешім қабылдайды деп сенеміз.

  6. Гүлім 7 Желтоқсан, 2019 18:32 Жауап

    Мейірімді Алланың өзі қолдап Ислам Əбішевтің ісі оңынан шешілуге таяп қалған сыңайлы.Тек ғана судьялар əділ шешім шығарсын деп тілейік.Алла олардың жүрегіне иман берсін!

  7. Гүлім 9 Желтоқсан, 2019 21:46 Жауап

    Соншалықты 10 млн. талап ететіндей не көрінді Шураевқа? Сəуле ханым Алла қолдасын Сізді. Тілектеспіз, тілеулеспіз.

  8. Еркеназ 9 Желтоқсан, 2019 21:50 Жауап

    Ислам ағамыз нағыз нар тұлғалы азамат екен! Өз ісін тоқтатып, Сəуле қарындасына қорған болуға шақырды қорғаушыларды. Алла қолдасын сізді.

  9. АЙША 9 Желтоқсан, 2019 22:52 Жауап

    Ислам Əбішев ағамызға бостандық берілсін! Жаңа жылдан бастап, жаңа да жарқын өмір нəсіп болсын!

  10. Ажар 9 Желтоқсан, 2019 22:54 Жауап

    Ислам Əбішев мырзаның ақтығын бүкіл қоғам, қажет болса əлем біліп отыр. Алла да көріп тұр. Қолдайды деп сенеміз.

  11. Асылзат 9 Желтоқсан, 2019 22:56 Жауап

    Қазақстан деген елдің сотының сиқы осындай екен деген атқа қалмас үшін əділ шешім шығарсын тиісті орындар.Əйтпесе халықаралық сотта абыройымыз айрандай төгілгелə тұр.

  12. Гүлім 11 Желтоқсан, 2019 23:15 Жауап

    Сəуле ханым сізге сəттілік тілейміз. Əділдік іздеген қазақтың батыр қызысыз. Жар болсын жаратқан.Балағыңызға жармасқысы келген төбеттерді бір теуіп, жүре беріңіз дін аман.

  13. Гүлжамал 11 Желтоқсан, 2019 23:18 Жауап

    Ислам Əбішев нағыз ердің ері. Басқа адам болса мүжіліп кеткен болар еді.Қайсарлығыңызбен ешкімнен қаймықпай, жеңіп шығыңыз Аға бəрін.

  14. Майра 11 Желтоқсан, 2019 23:25 Жауап

    Құдайсыз қурай да сынбайды демекші, барлық дүниені бақылап отыр бір Алла.Сондықтан, ешбір кінəсіз Ислам Əбішев жəне Серік Түкиев ағаларымызға Алла жар болып, ақталып шығарына сенім мол.Тілеулеспіз.

  15. Инара 13 Желтоқсан, 2019 18:59 Жауап

    Ислам Əбішевтің сөзінен ешбір ілік табылмайтыны заңдылық қой. Бостандық сұраймыз Əбішевке.

  16. Асия 13 Желтоқсан, 2019 19:01 Жауап

    Ислам Əбішевтің ақталып шығарына сенімдіміз. Көп тілеуі көл деп ниет тілекті Алла қабыл етсін!

  17. Айнаш 13 Желтоқсан, 2019 19:04 Жауап

    Ислам Əбішев пен Серік Түкиев ағаларымыздың ары таза азаматтарға жабылған жала мен жағылған күйе негізсіз деп танылады деген сенімдеміз.

  18. Асылзат 13 Желтоқсан, 2019 19:08 Жауап

    Ислам Əбішевке бостандық! Ұлт зиялыларынан бастап, орыстарымыз бар, ауылдағы ағайындар бар барлығы ол кісінің кінəсіздігін шырылдап айтты да жазды да. Сотқа да келіп айтты біразы.Құлақ асайық ағайын сөзіне.

Пікір немесе жауап жазу

1 × төрт =