«Ақ жол» экономикада монополияны азайтып, бәсекелестікті қорғауға шақырды

262
0
Бөлісу:

«Ақ жол» экономикада монополияны азайтып, бәсекелестікті қорғауға шақырды. Бұл туралы бүгін фракция депутаты Меруерт Қазбекова ҚР Премьер-министріне жолдаған сауалында айтты.

«Қазақстандағы бәсекелестікті қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда елімізде газ, көмір, электр энергиясы мен мұнай өнімдерін өндіру және сату, ұялы байланыс, тұрғын үй, банктік қызметтер сияқты негізгі тауар нарығындағы жеке компаниялардың шоғырлануы мен монополиялануы артуда», – делінген сауалда.

Сонымен бірге, М.Казбекова атап өткендей, негізгі ойыншылар көбіне нарықтық емес әдістермен, соның ішінде шексіз мемлекеттік қаржыландыру және бәсекелестерді әкімшілік жолмен басып шығару арқылы жасанды түрде үстемдікке қол жеткізген үстем топтар болып табылады.

«Мұндай компаниялардың қызметі ішкі нарықпен үндесепейді және шектеулі, өйткені сыртқы нарықта басқа ережелер жұмыс істейді. Өнімділіктің төмендігі, қызметкерлердің көбейгені және негізсіз жалақы оларды бәсекеге қабілетсіз етеді. Тіпті мұндай мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру де мәселені шешпейді, себебі, олар нарықты бәсекелестерден тазартады және төмен уәждеме алады», – деді депутат.

Сауалда монополияға қарсы орган сарапшылармен бірлесіп өткізген бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері көрсетілген. Оған сәйкес көмір нарығындағы 4 негізгі қатысушының нарықтағы үлесі 89%, электр энергиясын өндіру – 67%, мұнай өнімдерін сату – 73%, тауарлық газ – 95%.

Ұялы байланыс нарығында 5-тен 2-ге дейін және банктік қызмет көрсетулерден 20-дан 10-ға дейін азайды. Осы нарықтағы бәсекелестіктің орнына дәріханалар нарығында бағаны реттеу енгізілді. Келесі қатарда басқа салалар тұр.

«Негізгі шикізат нарығының қазіргі жағдайы бәсекелестікті шектейді және монополистерге экономикалық белсенділік пен тұтыну мүмкіндіктерін төмендетіп, қоғамның есебінен артық пайда алуға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнестің артта қалуы, рейдерлік үрдісі және табысты кәсіпорындардың бір сәтте күйреуге мақсат қоюы тікелей осымен байланысты. Экономиканың монополиялануы экономиканың ғана емес, жалпы қоғамның одан әрі дамуына қауіп төндіреді.

Сондықтан, мемлекет монополистердің тәбеті мен тарифтерін шектеу бойынша қабылдаған шаралар қоғамнан қолдау алып қана қоймай, сонымен қатар мұндай шаралардың кеңеюіне үміт артады », – деп баса айтты депутат.

Алайда, құзырлы органдар монополияға қарсы реттеуге назар аудара отырып, бәсекенің нақты қолдауы мен дамуын назардан тыс қалдырады. Бәсекелестік ортаны мақсатты түрде дамытпай, балама қатысушыларды ынталандыру және преференцияларсыз, нарыққа қайта кіріп, негізгі ойыншылардың қысымына ұшырамай экономиканы монополиясыздандыру мүмкін емес.

Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Үкіметке бәсекелестікті қорғау және дамыту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді ұсынады. Мұнда бәсекелестік деңгейі төмен нарықтарға жаңа қатысушыларды тарту үшін преференциялар беру қажет. Шектен тыс талаптар шамадан тыс шоғырлануға және нарыққа қатысушылар санының қолайсыз азаюына әкеп соққан салалардағы мемлекеттік реттеуді қайта қарау мен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің барысын бақылауды ұсынады.

«Ақ жол» парламенттік фракциясы өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруды және отандық бизнестің мүдделерін қорғауды жалғастыруда.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

5 × 2 =