Қытайдағы қандастар БҰҰ-дан көмек сұрады

644
0
Бөлісу:

27 қараша 2019 жылы (сәрсенбі) сағат 11:00 Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Журналистер үйінде» «Қытайдағы қазақ мәселесі – адамзатты алаңдатып отыр» атты баспасөз мәслихаты өтті.

Жиында Қытайдағы үйрету орталығында болған бір топ қандастар АҚШ Президентіне, БҰҰ басшылығына хат жазғандарын, Қытайдағы қазақтарға жасалған қысым туралы айтты.

– Біз АҚШ-да жарияланған 407 беттік Қытайдың аз санды халықтарды қысу және азаптауға қатысты ҚҰПИЯ ҚҰЖАТЫНДА айтылған барлық қылмыстардың дәлелдері мен куәгерлермен қамтуға дайынбыз. Қытайда азапталып, қорланған, жетім қалған, отбасы екіге бөлінген, яғни жоғарыдағы 12 түрілі мәселенің тірі куәгерлерінен 10-1000, тіптен одан да көп азаматты АҚШ Конгресі мінбесінде, Біріккен ұлттар ұйымының адам құқы комитеті алдында немесе басқада халықаралық азаматтық құқық қорғау ұйымдары алдында «Куәлік беруді», яғни барлық дәлел- фактілерді жариялауды ұйымдастыруды өтінеміз. Оған толықтай дайынбыз, – делінген хатта.

2019 жылы 29 қаршада оралмандар Дональд Трампқа жазған хатты АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне тапсырды. 

Естеріңізге сала кетейік. 2017 жылы 1 желтоқсанда Бейжіңдегі әлемдік саяси партиялар жетекшілерінің I xалықаралық форумында Қазақстанның «Ақ жол » партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пен партия төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса екеуі Қытайдың мемлекеттік төрағасы Си Жинпинге жазылған, Қытайдағы қамалған 112 қазақ тізімі бар хатты Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Халықаралық істер департаменті меңгерушісінің орынбасары (министрдің орынбасары) Шэн Бэйли xанымға тапсырған боатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он екі − жеті =