Тоқаев: Біз қазақ тілін реформалаудамыз (видео)

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Welle халықаралық арнасына сұхбат беріп, елдегі өзекті мәселелерге  қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Тоқаев елорда атауын ауыстыруға қатысты, елдегі қосбилік туралы қауесеттер мен латын әліпбиіне көшу секілді стратегиялық бағдарларға кеңінен тоқталды.

"Біз қазақ тілін реформалаудамыз" - деді Тоқаев латын әліпбиін енгізуге қатысты.

Сонымен қатар, елде митинг өткізу бойынша заң талаптары жетілдіріліп жатқанын да алға тартты.

Сұхбаттың толық видеонұсқасын оқырман қауымға ұсынамыз.