Мемлекеттік тілге қарсылық – Ұлттық мүддеге қарсы қауіпті құбылыс

2442
25
Бөлісу:

Ұлттық мүддеге қатысты  қауіпті құбылыс байқала бастады. Ол не? Қазір президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрған Ұлттық кеңестің мүшелері әлеуметтік желі бетінде, интернет сайттарда бір-бірімен тартысып, «араздасып» жатыр. Мемлекеттік тіл үшін талас басталды.  Ол не дейсіз ғой. Тіл мәселесіне келгенде тағы да екіге бөліндік.

Бұл туралы Қамшы порталы хабарлады.

Ақын Қазыбек Иса Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында мемлекеттік тілдің тағдыры туралы исі қазақ баласы қолдауға тұратын мәселе көтергені белгілі. Бірақ  ұлттың болашағы үшін жасалған жақсы бастама орыстілді қазақтардың «жынына» тиген сияқты.

Қазір Данияр Әшімбаев секілді орыстілді топ интернет сайттарда қарсы пікірлерін еркін білдіріп жатыр. Бұл енді керек нәрсе ме? Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға уақыт өтсе де, әлі де бізде тіл мәселесі шешілген жоқ. Оны проблема етіп отырған да аз ғана орыстілділер мен орысша сөйлейтін біздің биліктегілер. Басқа ешкім де емес. Енді орыстілді саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың сөзін мысалға келтірелік.

«Довольно опасное, на мой взляд, предложение прозвучало из уст Казыбека ИСЫ о необходимости дальнейшего развития государственного языка… Прежде всего отменить норму закона о языках, согласно которой в стране установлен список профессий, для которых знание госязыка является обязательным. То есть он предложил сделать так, чтобы знание госязыка было обязательным для любой профессии. В условиях фактического двуязычия эта инициатива является дискриминационной и провоцирующей обострение межнациональной ситуации в стране. Кроме того, он предложил разработать новый закон о госязыке и создать отдельное агентство по государственному языку».

Міне мемлекеттік тілге қатысты көзқарастағы алшақтық қайдан шығып отыр? Жеке көзқарастан. Ал бұл  бір адамның, яғни Данияр Әшімбаевтың ғана  жеке пікірі.

Бұл демографиялық тұрғыдан  ұлттың басым бөлігін құрап отырған қазақ тілінде сөйлейтін бүкіл қазақтың пікірі емес. Онда неге қорқамыз? Неге мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге батыл қадам жасай алмай отырмыз? Мәселе неде? Әңгіме біздің орысқұл биліктің дәрменсіз жалтақ әрекетінде жатқан сияқты.

Бізге жеткен кейбір әңгімелерге қарағанда, мәселені дереу қолға алып, Мәдениет министрлігі жасап жатқан «Мемлекеттік тілді дамыту туралы 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» атын Үкіметтің кеңсесінде отырған орыстілді қазақ шенеунігі дереу өзгертіп жіберген сияқты. Енді ол «Тілдердің дамуы туралы» деп аталуы мүмкін.

Сондағы әлгі атқамінердің айтқан желеуі мынаған саяды екен: «Бұл мемлекеттік тіл туралы бағдарламада орыс тілі неге жоқ?». Жыл сайын қазақтілділер көбейіп, мемлекеттік тілде сөйлейтіндердің қатары артып бара жатқан тұстағы бұл жалтақ әрекетті қалай түсінуге болады? Біз кімнен қорқамыз? Бір ғана нәрсе айқын: осы уақытқа дейін жалпақшешейлікпен жүргізіліп келген саясатты түбірімен өзгертетін уақыт жетті. Бүгінгі қоғамда қазақ мәселесі күн тәртібінде әлі қалқып тұр. Оны кейінге қалдыра беруге болмайды. Көп балалы аналардың мәселесі шешіледі. Атаулы әлеуметтік көмек те жасалар. Өндіріс те дамып, шағын және орта кәсіп көркейер. Бірақ осы жолы мемлекеттік тіл туралы дұрыс заң қабылданбаса, онда жағдай тіпті қиындай түседі. Орыстілді Әшімбаевтар осыны түсінуі тиіс. Мұндай пікірлер халықты екіге бөледі.

«Кто есть кто» энциклопедиялық кітабының авторы  Данияр Әшімбаев 2012 жылдың 29 маусымында dialog.k сайтына берген сұхбатында былай депті: «Конечно, плохо, что я не владею языком. Но, с другой стороны, я не ставлю себе программу-минимум выучить его, скажем, в течение года или еще какого срока. Я его изучаю по мере возможности». Содан бері жеті жыл уақыт өтсе де, мемлекеттік тілді керек қылмаған бала бүгін де Қазыбек Исаның бастамасын жоққа шығып «В условиях фактического двуязычия эта инициатива является дискриминационной и провоцирующей обострение межнациональной ситуации в стране» де-еп отыр.  Тілің, санаң орыстілді болса, сенің дара болғаныңнан не пайда?!

Ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі, Арман Шораев «Вот, например, Казбек Иса, известный казахский журналист, член политсовета партии «Ак Жол», всячески пытался позиционировать себя радетелем казахского языка, а на самом деле 90% его речи было посвящено тому, какие надежды он связывает с приходом Токаева, какой тот мудрый, дальновидный» деп «Kz.media» сайтында Ұлттық кеңесте қазақ тілі мәселесінің көтерілуін жақтырмағанын жасырмапты.

Арман мұны не мақсатпен айтты, түсіне алмадық және  мұны қолдай да алмаймыз.  Қазақ елінде тұрып, қазақ мәселесін, ұлт тілінің мәртебесін ойламау – бұл болашақты ойламау деп түсінеміз. Жалпы ұлттық мүддеге келгенде қай тілде сөйлесек те, біздің тұжырымымыз ортақ болуы керек. Өкінішке қарай, екінші отырысы басталмай жатып, Ұлттық кеңес мүшелерінің  мемлекеттік тіл мәселесінде көзқарас алшақтығы қазірдің өзінде айқын байқала бастады. Мұндай пікірлер қоғамды араздық тудырады.

Кінә кімнен? Мәселе Ұлттық кеңестің тағы мүшесі Азаматхан Әміртай айтқан кілтипанда жатыр.  – «Кавказ жұртындай жігерлі, көрші отырған өзбектердей алкеуде болсақ , жерімізді мекендеп отырған орысты да, өзгені де қазақша сөйлетуге болар еді-ау. Бірақ оған қол жеткізе алмадық. Негізі жеткізбеді. Жеткізбегендер өзге жұрт емес, өзіміздің орыс тілді қаракөздер. Өз тілінен жерігендер. Өз тілін өзге тілден кем көргендер. Өзге тілді өз тілінен жоғары қойғандар. Яғни, ең бірінші кедергі болғандар – осылар. Біздің ең үлкен трагедиямыз да осы,–дейді Азаматхан Әміртай. Бұған біздің алып қосарымыз жоқ.

Ал «Тіл туралы арнайы заң мен агенттік керек» деп, ұлт мүддесі үшін күресіп жүрген Қазыбек Иса не дейді:

–Ең бастысы – бұған дейін де қабылданып, бір де бір талабы орындалмаған Тіл туралы бағдарлама қабылдау емес,  Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек! Ал Мемлекеттік тіл туралы заң орындалуы үшін ең басты кедергі – Конституциядағы 7 баптың 2 тармағын алып тастауымыз қажет!, – дейді Қазыбек Иса.

Қазыбек Исаның айтуына қарағанда, «қазіргі уақытта үкіметтің бірқатар мүшелері Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын жасауды қолға ала бастаған Мәдениет министрлігі қызметкерлерінен  «Мемлекеттік тіл туралы заңның қазір қажеті жоқ» деген жазба жаздырып алып жатқан көрінеді. –Ең қауіптісі осылар, – дейді ақын Қ. Иса.

Ақынның айтқанына біздің қосарымыз жоқ, енді қазаққа шегінер жер қалмады.

Қазақтың тілі Қазақстанда ғана дамиды.

Өз тілінде өгей көрген тіл өзгенің тілін төрге шығарады.

Тіл –қазақтікі, ал мемлекет кімдікі?

30 жыл «қос тіл –қос қанатың», «үш тұғырлы тіл ұшпаққа шығарады» деп келдік. Қане, шыққан биігіміз?

Қауіп қайдан?!. Өзге тілде сөйлейтін өзімізден!

Мемлекеттің саясаты түбегейлі өзгермей, тіл тұғырға шықпайды.

Ұлттық кеңесте тілге қатысты түйін шешілмесе, онда күніміз қараң.

Қазірдің өзінде сенім сетіней бастағандай.

Қазақстандағы «Тілдердің дамуы туралы» бағдарламадан бөлек» «МЕМЛЕКЕТТІК Тіл туралы арнайы заң» қабылдануы керек.  Сонда ғана әділеттілік қалпына келіп, халықтың талабы орындалады. Ал елден артық ешкім жоқ.

…Түсінген адамға бұл соңғы мүмкіндік.

Берік Бейсенұлы,

qamshy.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 25 пікір жазылған

  1. Бейбіт Оспан 4 Желтоқсан, 2019 11:31 Жауап

    Тіл үшін жан пида. Жұмылайық ағайын. Өз ана тіліне қарсы шығып жатқан мәңгүрт қазақтардың жанын шығару керек. Кенесары бабам қорлықты сары орыстан көрсе, біз өзіміздің қазағымыз қара орыстан көрдік ау

  2. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ 4 Желтоқсан, 2019 11:39 Жауап

    ҚАЗЫБЕК ИСА атты тұлғалы Азаматым – мынау » ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ » алғашқы отырысында – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ мәселесін көтеруің өте орынды болған . Бұл жаңа сайланған – ПРЕЗИДЕНТІМІЗ бен «ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСТІҢ» – мәні мен мағанасын ашатын ең басты МӘСЕЛЕ – тек МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ екені ақиқат. Осыған қарсы дау айтушы Д.ӘШІМБАЕВ пен А.ШОРАЕВТЫ және ҮКІМЕТ басында қаптап жүрген ШАЛАҚАЗАҚТАР мен КОСМОПОЛИТТЕРДІ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ жаулары ретінде … биліктен АЛАСТАУ керек ?!.. ЖЕТЕДІ ЕНДІ… – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН – әлем алдында масқаралау ТОҚТАЛСЫН…

  3. ел ішінен 4 Желтоқсан, 2019 12:04 Жауап

    Вопрос языка – это вопрос власти. Д. Ашимбаев, как вам не стыдно перед памятью миллионов предков, погибших и замученных на пути к независимости. Из Ваших слов можно заключить , что несмотря на Ваши якобы политологические познания, Вы или просто непроходимо тупой, или манкурт, которого зазомбировали до такой степени. Я тоже учился в русскоязычной школе, но это не настроило меня против моего языка, моей культуры, моих обычаев. Для тех, для кого Вы стараетесь, Вы – просто очередной «косоглазый чуркобес», как они говорят между собой, так чё-ж-ты за них ж.. рвешь как ошалелый, перебиваешь ақсақалов, оңбаған неме сол?! Кто Вы такой чтобы заявлять следующее: «…Довольно опасное, на мой взгляд, предложение прозвучало из уст Казыбека ИСЫ о необходимости дальнейшего развития государственного языка» ?! Ты на уроках литературы чем занимался вообще, если несешь такой бред?? По-твоему, на земле казахов опасно развивать казахский язык?? Ты кто вообще – агент масонов-иллюминатов, олигархов и международных корпораций? Это земля казахов – и казахский язык здесь главный. Так же, как немецкий – в Германии, русский – в Москве, итальянский – в Италии.

  4. Айбын Арғын 4 Желтоқсан, 2019 12:18 Жауап

    Иә, тіл мәселесі өзекті өртейтін, жүректі тебірентетін аса ауыр мәселе!!! Бұл орайда ана тіліне қарсы шығып, Ұлт мүддесі топтасуы тиіс – Ұлттық кеңесте кереғар пікір білдіріп жатқандардың ісі аса қауіп екені айтпаса да түсінікті. Өз пайдасынан аса алмаған жандар – ұлт мүддесіне қайтіп қызмет етпек? Ұлттар арасындағы алауыздық осыдан туындамай ма? Сабырмен шешіп, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жолындағы іске бел шеше кіріскен жөн. Ал бұған қарсы болғандар – Ұлтқа қарсы болғандар деп білеміз!!!

  5. Бөгенбай 4 Желтоқсан, 2019 12:19 Жауап

    Мынадай масқаралар болып жатыр:
    1. Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын жасауды қолға ала бастаған Мәдениет министрлігі қызметкерлерінен Үкімет кеңсесі басшысының орынбасары Серік Әбілмәжінұлы Ахметов «Мемлекеттік тіл туралы заңның қазір қажеті жоқ» деп жаздырып алып жАтыр. 2. Мәдениет министрлігі жасап жатқан » Мемлекеттік тілді дамыту туралы 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны» Президент Әкімшілігінің басшысы орынбасары Тимур Сүлейменов: «Бұл мемлекеттік тіл туралы бағдарламада орыс тілі неге жоқ?» деп қайтарып жіберген қабылдамай. Ол кісі бағдарлама атынан «Мемлекеттік тіл» дегенді алғызып тастаған, «Тілдердің дамуы туралы» деп өзгерткен…

  6. Мәмбет Құрманбаев 4 Желтоқсан, 2019 13:04 Жауап

    Қазақстан республикасының тіл туралы заңы, әсіресе ұлттық тіл мәртебесі өз деңгейіне көтерілуі тиіс. Басқа көрші мемлекеттер өздерінің ұлттық тіл мәртебесін заңды түрде бекітіп ұлтаралық қатынас тілі ретінде бекітіп алған. Ал бізде мемлекеттік тіл туралы сөз қозғалса өз ұлтымыздың арасынан мемлекеттік тілге қарсы атойлап шығатын екіжүзді орысқұл сатқындар Арман Шораев, Әшімбаев секілді ұлттық тілдің жаулары шыға келеді. Оларды қолдап биліктің де аузы қисайып шыға келеді ! Ұлтымыздың ұлттық тілі мемлекеттік тіл ретінде де, ұлтаралық қатынас тілі ретінде де заңмен бекітіп, Конституцияның тіл туралы заңының 7-бабы 2-тармағын заңнан алып тастап мемлекеттік тілге мәртебе беру керек ! Ұлттық тілге қарсы шыққан орысқұлдар ұлттың жауы екенін ұмытпаған жөн!

  7. Сұлтанғали 4 Желтоқсан, 2019 13:32 Жауап

    Данияр деген баяғы талантты сыншы, ұлтжанды азамат, қазақ тілі үшін құрбан болуға әзір болған Сағат Әшімбаетың баласы ма? Әлде басқа ма? Сағаттың баласы болса жетіскен екенбіз. Арман Шораевты қазақ күресін әлемдік аренаға алып шыққаны және кейбір ұлттық мәселе тұрғысындағы пікірлері үшін құрметтейтін едім. Ал, ана тіліне қарсы болып отырса, онысын кешіре алмаймын. Мен бұл сөзді ұлтшылдықтан емес, қазақты тілімен бірге жаратқан Алла алдындағы күнәсі (табиғи шындыққа қарсы шыққаны үшін), бабаларымыздың аруағын аттағаны үшін кешіре алмаймын. Алаш көсемдері тілі жоғалған ұлттың өзі де жойылады немесе баланың тілі қай тілде шықса, сол ұлтқа қызмет етеді дегені шындыққа айналып отыр. Бірақ, Әшімбаев пен Шораев солай деді екен деп, жалпақ қазақ халқы ана тілінен бас тарта алмайды, біртұтас қазақ ұлты болып топтаса түседі!

  8. Алмас әсемханұлы 4 Желтоқсан, 2019 19:05 Жауап

    Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға уақыт өтсе де, әлі де бізде тіл мәселесі шешілген жоқ. Оны проблема етіп отырған да аз ғана орыстілділер мен орысша сөйлейтін біздің биліктегілер

  9. Алмас әсемханұлы 4 Желтоқсан, 2019 22:36 Жауап

    Барша қазақстандықтарды біріктіру факторлары болып тілімізді одан әрі дамытуға күш жігерімізді салу әр азаматтың парызы.

  10. Qyr balasy 4 Желтоқсан, 2019 22:37 Жауап

    Тіл арқылы біз тілдесеміз, білім аламыз, мамандықты игереміз. Ана тілі бұл әкеңнің тілі, туған халықтың тілі. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ұлттық дініміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры.

  11. Qyr balasy 4 Желтоқсан, 2019 22:39 Жауап

    Ана тілі бойымызға ана сүтімен тараған қасиет. Оны сақтай, қадірлей, құрметтей білу біздің міндетіміз. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдында мемлекет болып өмір сүре алмайды.

  12. Алмас әсемханұлы 4 Желтоқсан, 2019 22:40 Жауап

    Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтауға барынша күш салып ұмтылады. Ал орысқұлдар бәрін қолдан бермек.

  13. Алмас әсемханұлы 4 Желтоқсан, 2019 22:43 Жауап

    Ана тілі бойымызға ана сүтімен тараған қасиет. Енді бір топ шалақазақтардың ана тілін менсінбеген діктен оны неге аяқасты етуіміз керек?

  14. Қолқоюсыз 4 Желтоқсан, 2019 22:46 Жауап

    Тіл туралы заңды алсақ. Заңның 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және ісқағаздарын жүргізу тілі», – деп жазылған. Бірақ та, айтылғанымен, жазылғанымен бір құжатты алсақ, кез келген мекемеде алдымен ол орыс тілінде даярланады. Ол нені білдіреді? Демек ана тілімізді толық білмеуімізде. Еліміз ақыры тәуелсіз ел екен осыған орай, онда тіліміз де жеке дара тәуелсіз болуы керек емес пе?

  15. Алмас әсемханұлы 4 Желтоқсан, 2019 22:48 Жауап

    Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет.

  16. Алмас әсемханұлы 4 Желтоқсан, 2019 22:50 Жауап

    Өз ана тіліміз – біздің намысымыз. Өз намысымызды да, өз тілімізді де қорғау біздің иығымызға жүктелген парыз. Сондықтан бабалар үмітін ақтап қалатынымызды, тілімізді биіктен көрсететінімізді дәлелдеп көрсететін нағыз тіл жанашырлары – бізбіз.

  17. Qyr balasy 4 Желтоқсан, 2019 22:54 Жауап

    Қазақ тілінің мемлекеттік билік мекемелерінен бастап түрлі облыстық, аудандық деңгейлерде кең қолданысқа ие болмауына қандай себеп, нендей бөгет бар десек ол орыстілді қазақтардың өз тілін менсінбеуінде, орысша сөйлеуге дағдыланған шала қазвқтарда

  18. Алмас әсемханұлы 4 Желтоқсан, 2019 22:57 Жауап

    Қоғамның санасында қазақ тілі Мемлекеттік тіл сынды биік мәртебеге ие болса да, тек осы тілде сөйлейік,осы тілді қолданамыз деген берік түсінік әлі қалыптаспай отыр.

  19. Qyr balasy 4 Желтоқсан, 2019 23:00 Жауап

    Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін,оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз»

  20. Аягүл 5 Желтоқсан, 2019 11:04 Жауап

    Қазақ тілінің мәртебесін көтеру керек. Ол әрбір жүрегі қазақ деп соққан адамның парызы

  21. Мұхит Әлімов 5 Желтоқсан, 2019 11:36 Жауап

    Мүмкін бір күні қазақ тілінің деңгейі жоғары деңгейге көтерілер. Мойындау керек, қазір бұрынғыға қарағанда біршама өзгеріс пен даму бар

  22. Кара 5 Желтоқсан, 2019 11:41 Жауап

    Байқаймын, соңғы уақытта қоғамдық кеңес тіл мәселесіне көп көңіл бөлуде. Осы жолдан таймай, жақсы жұмыс істеу керек

Серікбол үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау

екі + 20 =