ФЕРМЕРЛЕРГЕ СУБСИДИЯ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ТӨЛЕНЕТІН БОЛДЫ

489
0
Бөлісу:

ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдында өз міндеттемелерін орындауда. Осы уақытқа дейін жылдан жылға ауысып мал шаруашылығы және инвестициялық субсидиялар бойынша жиналып қалған қосымша қажетті қаржы толық көлемде төленетін болды.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Бүгінге дейін ҚР Үкіметінің шешімі бойынша инвестициялық субсидияға қажет 28,5 млрд. теңге сомасындағы берешек жабылған болатын. Үкімет басшысы жақын арада мал шаруашылығын субсидиялауға қажет 36,8 млрд. теңге, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар бойынша 11,7 млрд. теңге сомасындағы қарыз қалдығын жабу жөнінде тапсырма берді.

Ауыл шаруашылығына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың арқасында саланың инвестициялық тиімділігі артып, негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторлардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 4,4 трлн. теңгені құрайтын 113 инвестициялық жоба әзірленіп, жүзеге асыру процесінде тұр.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

үш × 4 =